Без рубрики

ҚАНДЫ ҚАҚТЫҒЫСТА ЖЕҢІС БОЛМАЙДЫ

Ерліктің ізі ешқашан өшпейді. Ресей Федерациясы Ауған жауынгерлік ұрыстары «Құндыз 149» операциясына қатысқан жауынгерлерін марапаттады. Осы мәр-тебелі марапаттың қатарында Іле ауданының Ауған соғысы ардагері Иманбаев Бақыт Бірлікұлы да бар. Батырға «Қызыл жұлдыз» ордені, Бүкілодақтың Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы Орталық Комитетінің «Әскери айбын» медалі, КСРО Жоғарғы Кеңесінің грамотасы, «Жауынгерлік қызметі үшін» медалі, ІІІ дәрежелі  РФ ҚМ медалін, «Ауғанстан соғысы» төс белгісін және қазақстандық ардагерлеріне Жауынгерлік жалаудың көшірмесін қосымшаға сәйкес салтанатты табысталды. Батырымызға сый-сияпатын Іле аудандық Қорғаныс істері бөлімінің басшысы, подполковник  С. М. Медеубаев өзі табыстады.

Қаһарман кейіпкеріміз  Алматы облысы, Бақанас ауылында 1968 жылы 27 қазанда дүниеге келген. 1986 жылы Бақанас ауылындағы Ленин атындағы орта мектепті аяқтағаннан кейін, сол жылы Совет әскері қатарына шақырылады. Түркіменстанның Ашхабат қала-сында сержанттық оқу-жаттығу курсынан өткеннен кейін 1987 жылы сәуір айында ауған жеріндегі 201 дивизиясының 149 полкіне аттанады. Полк Ханабад қаласы, Құндыз аймағында орналасқан. 1988 жылы «Құндыз 149» полкі Ауған жерінен шығарылып, еліне аман-есен оралады.

Бірақ қандай жағдай болмасын, Бірлік ағамыз өзінің майдандағы жолын мақтан етіп айтқан емес. Елде жүрген қарулас достарымен етене араласып, мерекелік төсбелгісімен ғана танылған қарапайым азамат. Оның «Құндыз 149» операциясында жасалған ерліктерін аса құпияда ұстап жүрді. Өйткені адамзаттың хас жауы соғысқа деген көзқарасы өте қатал. «Қай тарапты алсаңыз да соғыста жеңіс болмайды» —  деп жүреді. Бойындағы қазақылық мінезі басым, байсалды батыр ағамыз өзіне тиесілі орденді таққанда да жәй ғана қабылдап ала салды. Марапатты алғаннан кейін бізбен тілдескен Бақыт Бірлікұлы, арттағы өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа бейбітшілікпен ашық аспан, білім мен ғылымның жолында күресуге шақырды.

Іле ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button