Әкімшілік сотқа жүгінуге дейінгі рәсімдер
2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі — Кодекс) әкімшілік органның заңмен белгіленген жария функциялары іске асырылатын адам арасында туындайтын жария-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Кодекстің тұжырымдамалық аппаратында әкімшілік процедураны орнатуда шешуші рөл атқаратын «әкімшілік орган» және «әкімшілік акт» ұғымдарының анықтамалары бекітілген.
Әкімшілік актіге, әкімшілік органның әрекетіне (әкімшілік актіні шығаруға байланысты емес) немесе оны қабылдаудан бас тартуға шағым жасаудың негізгі рәсімдеріне өтініш беруші жоғары тұрған әкімшілік органға шағым жасауға тиіс.
Жоғары тұрған органы жоқ әкімшілік органның әкімшілік актісіне шағым сотқа беріледі.
Кодекс әкімшілік органдар үшін қосымша талаптарды белгілей отырып, шағымдарды қарау рәсімін егжей-тегжейлі регламенттейді, атап айтқанда, барлық мүдделі тұлғаларды тыңдау, істің барлық мән-жайларын зерттеу, шағым қанағаттандырылмаған жағдайда жауаптың негіздемелерін түсіндіру.
Бұл үшін әкімшілік органға дәлелдемелер жинау, құзыретті органдардан қажетті материалдарды талап ету, куәгерлерді шақыру және т.б. өкілеттіктер беріледі, осы тұрғыда сотқа жүгінер алдында жоғары тұрған органға шағымдану процедурасының міндеттілігін енгізу ведомстволық бақылауды жақсартудың тиімді шарасы болып табылады.
Адамның әкімшілік актіге шағым беруі тиісті шешім қабылданғанға дейін әкімшілік актінің орындалуын тоқтата тұрады.
Шағым беру қоғамдық не мемлекеттік мүдделерге зиян келтіруге қабілетті қауіп алдын алынған не жойылған жағдайларда, сондай-ақ ӘТК және өзге де заңдарда көзделген өзге де жағдайларда әкімшілік актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім жазбаша әкімшілік акт нысанында қабылданады.
Шағым қанағаттандырылмаған жағдайда адам әкімшілік актіге, әкімшілік органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) әкімшілік сотқа шағым жасауға құқылы.
Іле ауданының прокуратурасы