Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратДень победыҚоғамМерекелер
Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру болмайды
Қазақстан Жеңіс күні әскери шеру өткізуді жоспарлап отырған жоқ, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің құрметіне шеру жоспарланбағанын хабарлаймыз», — дейді Қорғаныс министрлігінен.
Бірақ жоспарға сәйкес Қазақстанда әскери қызметтің беделін көтеруге бағытталған түрлі әскери-патриоттық іс-шаралар, мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Жеке блокта Ұлы Отан соғысы мен Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету шаралары болады.
Жалпы, министрлік еліміздің барлық аймағында 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.