Аудан жаңалықтарыҚоғам

Күн сөнгенше сөнбе Қазақстаным!

Жылдағы бұлжымайтын дәстүрге сай,алғашқы қоңырау үнімен үндесетін ел басшысының Жолдауын асыға кететініміз рас. Биылғы Жолдау да өзіндік ерекшелігімен көңіл қуантты. Қоғамның сан саласын қамтыған жолдауда елдің экономикалық дамуынан қазақтың аман-саулығының басы болған төрт-түліктің азығына дейін егжей-тегжейлі жүйелі жұмыс жүргізілуіне нұсқаулық ұсынылды.Сондай- ақ денсаулық саласының заманауи бетбұрысқа ұмтылуы дені сау ұлттың болашағы айқын болатынын,Қазақстанның әлемдегі ковидқа қарсы вакцина шығарған санаулы мемлекеттің бірі екені бұл салада да қордаланған мәселелер шешіліп жатқанын білдірді. Міне осындай игілікті шешімдері президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының ел ертеңіне жасалатын реформаның екі тізгін,бір шылбырын өз қолына нық ұстап,көңілге болашаққа деген сенім ұялатты.
Әркімнің өзіне жақын саласында көтерілетін оң өзгерістер әрине қуантары,хақ! Мені де елдегі білім саласындағы оң өзгерістер қуантты.Үш аусымды мектептер тапшылығын жою алдағы жылдардың еншісіне жүктелсе,ұстаздар мәртебесі мен әлеуметтік әл-ауқатының артуы білімді ұрпақтың кепілі екенін білдіреді.
Біз сияқты мемлекет ертеңіне елеңдеп отырған жандар үшін, деннің саулығы, елдегі бейбітшілікпен тұрақтылық, ұрпағымызға ұсынылып жатқан сапалы білім көңілдегі көп күмәнді сейілтеді.Олай болса сенім мен қуаныш сыйлаған осы жолдауды қолдай отырып,бауырлас түрік ағайындарша» Мемлекет мәңгі болсын!» дегім келеді.


Арайлы Рахымбердіқызы
Іле ауданы, Жаңаталап ауылы №25 орта мектебтің мұғалімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button