Еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты
Бүгінде еліміз күннен-күнге дамып, қанатын жаюда. Десек те, орын алған қаңтар оқиғасы елімізде жүйелі және шынайы өзгерістер қажет екенін көрсетіп берген еді.
Сондықтан Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында ұзақ уақыт бойы қоғамда талқыланып келген аса маңызды мәселелерге жеке-жеке тоқталды.
Жалпы алғанда ұсынылған шаралар жүйелі сипатқа ие. Олар мемлекеттік басқару жүйесін, экономиканың құрылымын, әлеуметтік саланы түбегейлі өзгертуге, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған.
Қазіргі таңда Президент айтқан және қабылдаған шаралар шетінен жүзеге асып жатыр. Осылайша, еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып отыр.Сонымен бірге алға қойылған міндеттер соңына дейін іске асуы тиіс. Солардың қатарында бала 18 жасқа дейін қаржы аударылып тұрады деген тапсырмасы көңілден шықты. Бала – біздің болашағымыз. Болашағын да ерте қамтамасыз ету бұл үлкен жауапкершілік деп білемін.
А.Юсупов
Жетіген ауылдық округінің ақсақалдар төрағасы