Без рубрики

Елдегі шикізаттың таусылуы және салалық мамандардың жетіспеушілігі: Respublica партиясы Ақтау тұрғындарымен қандай мәселелерді талқылады?

Қазақстанда үгіт-насихат кезеңі бірте-бірте өзінің соңғы сәтіне жақындап келеді – қазіргі уақытта науқанның 24-ші күні жүріп жатыр. Жексенбідегі жағдай бойынша, жаңадан құрылған Respublica партиясының қатары 374 000 адамнан асты.

Respublica науқанның соңғы аптасын Маңғыстау облысының Ақтау қаласында бастады. Партия кандидаттары мен өкілдері облыста екі күн болады.

Маңғыстау облысына сапарының бірінші күні Respublica өкілдері аммиак пен аммиак селитрасын экспорттаушы қазақстандық ұлттық өндіруші «ҚазАзот» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті. Ақтаудағы шараға кәсіпорынның 100 қызметкері қатысты. Еліміздің мұнайлы өңірінде Айдарбек Қожаназаров партия мүшелерінің ең басты көздегендері – халық сенімі екенін, мақсаттары – қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін елге қызмет ету екенін баса айтты.

«Соңғы жылдары елімізде саяси көңіл-күй өзгерді, бәрінің қоятыны бір сұрақ: мұнай мен газ қоры таусылған соң, 30-50 жылдан кейін қалай өмір сүреміз? Бізді де осы мәселе алаңдатады, сондықтан біз осында келдік. Әрқайсымыздың артымызда жеке табыс тарихы жатыр. Ал біздің еліміз жеке мақсаттарымыз бен мұраттарымызға жетуге мүмкіндік берді. Енді біз бар біліміміз бен күшімізді Отан игілігі үшін жұмсағымыз келеді! Біздің адамгершілік борышымыз – халықтың сенімін ақтап, өсіп-өніп, табыс тауып, жетістікке жетуімізге мүмкіндік берген елімізге шын жүректен қызмет ету», — деді А.Қожаназаров.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Екатерина Смолякова жас Respublica партиясы білімді жастарды, білікті мамандарды, еңбек адамдарын алдыңғы қатарға қоятынын баса айтты. Дәл осы үш тұғырға сай партияның сайлауалды бағдарламасы жасалды.

«Білімді жастар – ел дамуының қозғаушы күші. Дамыған елдерді алып қарасақ, ғылымды қарышты дамытып, зерттеп жатыр. Ал біз әлі күнге дейін әлеуметтік мәселелерімізді шеше алмай келеміз. Арада 30 жыл өтсе де сол сұрақтарды қойып жатырмыз. Біз оны келесі деңгейге көтеруіміз керек. Білімді арттыру, ғылыммен айналысу керек. Университеттер мен колледждер кәсіпорындармен тығыз байланыста болуы тиіс, оқу бағдарламалары үнемі қайта қаралып, заман талабына сай түзетіліп отыруы қажет. Дуальды оқытуды да барлық жерде енгізу керек. Бүгінде талапкерлер жұмысшы мамандықтарын меңгергісі келмейді, аймақтарға барғысы келмейді, себебі жалақы аз, әлеуметтік пакет өз деңгейінде емес. Осы мәселелерді шешсек, жастар ауылдарға, зауыттарға барады», — деп сендірді Е.Смолякова.

Маман жетіспеушілігі тақырыбын «ҚазАзот» кәсіпорны қызметкерлерінің өздері де көтерді. Олар химия мамандығын бітірушілер  өндіріске аз келетінін айтты.

«Химик болу үшін ҰБТ-да физика мен химия пәндерін таңдау керек. Ал бұл пәндерді түлектердің шамамен 1%-ы ғана таңдайды. Біз мұны өзгертуіміз керек. Сондықтан біз кәсіптік бағдар беруге үлкен көңіл бөлеміз. Жастар қайда баратынын, қай салада сұранысқа ие болатынын білуі үшін жұмыс берушілердің нақты мамандарға сұранысы туралы халықты үнемі хабардар етіп отыру қажет», — деді партия аппаратының жетекшісі, Мәжіліс депутаттығына кандидат Олжас Құспеков. .

Психология мамандығы бойынша білімі бар, ерекше балалармен қатар жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлерінің бірі ДЦП және Даун синдромына шалдыққан балалардың жиілеп кеткені туралы мәселе көтерді. Атап айтқанда, 2015 жылдан бері облыста кәмелетке толмағандар арасындағы мұндай дерт 5 есеге өскенімен, оларға арналған мектептер мен оңалту орталықтары жеткіліксіз екенін айтты:

«Мен сертификатталған клиникалық психологпын. Мен сіздің не туралы айтып тұрғаныңызды түсінемін. Бұл жерде сұрақты екі бөлікке бөлуге болады: біріншісі — аурумен туылған балаларды не істеу керек, екіншісі — оларды кішірейту үшін не істеу керек. Ауруды азайтуға болатын көптеген нәрселер бар — бұл экология, перинаталдық кезең, медицина және т.б. Интегративті және профилактикалық медицинаны енгізуді ұсынып отырған жалғыз партиямыз. Өйткені бәрі онсыз да ауру балалармен айналысады, оның салдарымен күреседі. Біз бұл мәселе бойынша терең жұмыс жүргізіп жатырмыз», — деп сендірді Respublica партиясының тең төрағасы, Мәжіліс депутаттығына кандидат Қуаныш Шонбай.

Маңғыстау облысы бойынша сайлауалды туры аясында Respublica партиясының мүшелері қала ақсақалдарымен кездесу өткізіп, тұрғындардың ауласын аралап, Адай ата кесенесіне барып, мәдени шараларға қатысады. Сонымен қатар, облыстың басқа да өндірістік кәсіпорындарының, білім ошақтарының еңбек ұжымдарымен, облыс тұрғындарымен кездесулер жоспарланған.

Еске салайық, Respublica партиясының миссиясы – мемлекеттік басқару жүйесінде қазақстандық кәсіпкерлердің мүдделерін біріктіруге және ұсынуға арналған саяси күш құру. Партия бағдарламасы қазақстандықтардың өмірінің әртүрлі салаларындағы құрылымдық қайта құруларға бағытталған. Бірінші кезекте – кәсіпкерлерді қолдау. Партия қоғамның орта тапының негізін құрайтын ШОБ-ты дамытуды көздеп отыр.

БАҚ-пен байланыс үшін:

Іңкәр Самат

+77758888190

E-mail: Respublica.party@gmail.com  

Instagram

Facebook

Telegram

TikTok

Басқа жаңалықтар

Back to top button