Қаңтардағы зардап шеккен Алматы облысының кәсіпкерлеріне 100 миллион теңге өтелді
Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына шағын және орта кәсіпкерлерден әкімшілік кедергілер бойынша өтініш келіп түсті.
Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден зардап шеккен кәсіпкерлер 100 млн теңге көлемінде материалдық залалдың орнын толтыра алмай жүрген.
Осының аясында кәсіпкерлер шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды анықтау жөніндегі өңірлік комиссияға жүгініп, нәтижесінде өтінімдері қабылданды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және өңірлік кәсіпкерлер палатасының арласуымен жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде, мүдделі тараптардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Кесдесу нәтижесі бойынша кәсіпкерлерге қаңтардағы зардап шеккен шығындары толықтай өтелді. Кәсіпкерлердің заңды құқықтары қорғалды