Без рубрики

ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛЫРАНА ТӨСБЕЛГІЛЕРІН ТАРАТТЫ

30 наурыз күні Өтеген батыр ауылында  VIІІ рет шақырылған Іле аудандық мәслихаттың I сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Б. Қарасаев, Іле аудандық мәслихатының жаңа сайланған 27 депутаттары мен аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары, Боралдай кенті және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессияны Іле аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Майгүл Қалдыбаева ашып, жаңадан тағайын-далған халық қалаулыларын таныс-тырып, төсбелгілерін таратты. 

Ол Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жер-гілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес VIII шақырылған Іле аудандық мәслихатының I сессиясын ашық деп жариялап, 2023 жылдың 19 наурыздағы Іле аудандық мәсли-хатының депутаттарын сайлау нәти-желері туралы Іле аудандық сайлау комиссиясының хабарламасын оқыды. 

Сондай-ақ, сөз соңында: «Аудан-дық аумақтық сайлау комис-сиясының атынан Іле аудандық мәслихатының депутаттарын өкілді органға сайланғандарымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің алдағы уақытта халықтың алдында  атқаратын игі істеріңізге сәттілік тілеймін», —  деді. Одан кейін  мәслихат депутаттарының арасынан ашық дауыс беру арқылы Іле аудандық мәслихатының төрағасын сайлау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес, Іле аудандық мәслихатының жұмысын ұйымдастырып, қамтамасыз ету үшін лауазымды қызметкер, тұрақты түрде жұмыс істейтін аудандық мәслихаттың төрағасы сайланды. Аудандық мәслихат регламентінің 56-тармағына сәйкес, мәслихат сессиясында дауыс беру арқылы депутаттар қатарынан құрамы тақ саннан тұратын есеп комиссиясы құрылды. Есеп комиссиясының құрамына мәслихат аппаратының және басқа мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері енгізіліп,  Г. Акжолтаева есеп комиссиясының төрағасы, Сұлтан Жарқынбеков, Әсем Керімбекова есеп комиссиясының мүшелері болды.

Аудандық мәслихат төрағалығына ұсынатын кандидатура туралы ұсынымдар жария етіліп, аталған лауазымға кандидатураны ұсыну үшін сөз «AMANAT» партиясының Іле аудандық филиалының төрағасы А. Сатибаевқа беріліп, ортаға  шақырылды. 

Аудандық мәслихаттың регламенті бойынша мәслихат төрағасын сайлау ашық дауыс берумен өткізіліп, Абилова Роза Михаилқызының кандидатурасы бірауыздан қабылданды.

Есеп комиссиясының дауыс беру қорытындысы нәтижесінде аудандық мәслихат төрағасын сайлау бойынша шешім жобасы қабылданды.  «Қазақстан Республикасындағы жер-гілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағына сәйкес сессия жұмысын жаңа мәслихат төрағасы Роза Михаил кизи жүргізді.

Сессияда үш маңызды

мәселе қаралды:

1. Бюджет, әлеуметтік – экономикалық даму, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы туралы;

2. Әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тіл мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы туралы;

 3. Депутаттық этика, өкілеттілік, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және жұртшылықпен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы туралы.

Іле аудандық мәслихатында «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу сынды маңызды  мәселелер қаралып, олардың тұрақты комиссия құрамдары бекітілді. 

Б. ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button