Без рубрики

«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫ АУДАНЫМЫЗДА

Іле ауданының Өтеген батыр ауылындағы «Жетісу» станциясы мен Жетіген ауылында, Боралдай кентінде  «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келді. Естеріңізге сала кетейік, 26 сәуірден бастап «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Алматы ІІ теміржол вокзалынан шығып, Алматы облысындағы барлық темір-жол станцияларында мамыр айының 11 дейін халыққа медициналық қызметтің барлық түрі бойынша қызмет етті. Олар Алматы облысын аралап, жоғары білікті медициналық көмекке қол жетімсіз шалғайдағы стан-циялардың тұрғындарын емдеп, кеңес берді. Медициналық пойызды  медициналық бөлімдері жоқ ауылдардағы азаматтар арнайы сұрау жасап, өтініштері негізінде «Самұрық-Қазына» АҚ және «Қазақстан темір жолы» АҚ әлеуметтік жобалар қорының қолдауымен ҚР Президенті жанындағы «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі» ұлттық комиссияның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жасаған әлеуметтік жобасы. Қолжетімді және білікті, тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету 2010 жылдан бастап «Медициналық пойыздар» жобасы іске асырылып келеді. Жоспарға сәйкес тұрғындарды терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, мамолог, педиатр және басқалардан тегін тексеруден және емдеуден өтті. Пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық ап-паратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, сымсыз ғаламторға қолжетімді құралдарымен жабдықталған. Кесте бойынша «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жыл аяғына дейін созылады.  Ал Алматы облысында 26 сәуір мен 11 мамыр аралығында болады. Олар 112 станцияның 80 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсетеді. Абай, Ұлытау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарының станцияларына бару жоспарлануда.Медициналық пойыз қажетті медициналық жабдықтармен және дәрігерлермен толық жарақталған.  «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарымен өткен жылы  147 станция қамтылып, 77 648 тұрғынға, оның ішінде 20 518 балаға қызмет көрсетілді, 5 097 шағын хирургиялық операциялар жүргізілді, 304 377 тар мамандарға қаралды, 66 072 консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетілді. Биыл да дәл осы көрсеткішті екі еселейміз деп отыр мамандар.

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button