Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл шаруашылығыБасты ақпаратҚоғам

СЕНАТОРЛАР СУ ТАПШЫЛЫҒЫН СЫНҒА АЛДЫ

Алматы облысы, Іле ауданына ҚР Парламент Сенаторы Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиев суаратын судың тапшылығы, ауыл шаруашылығы үшін қосымша ылғал көздерін пайдалану, сондай-ақ Алматы облыстарындағы суармалы жерлердің тиімділігі мен көлемін арттыру, канал суларынан шыққан жағымсыз иістердің проблемаларын шешу бойынша іс-сапарымен келді. Сенаторлар Ащыбұлақ ауылдық округіндегі бірнеше су қоймасы мен Алматыдан шығатын кәріз тазалау кешенінде атқарылған жұмыстармен танысты. Жалпы алғанда проблема шашетектен. Жасыратыны жоқ.

«Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы филиалының мамандары қалыптасқан мәселелерді өздерінше түсіндірді. Десе де, қордаланған шаруаларды орталықтан шешу қажеттілігі байқалады. Біз күздегі сессияда Сенат арқылы бұл жағдайларды көтеретін боламыз.

Сенаторлар инфрақұрылымның тозуы, жағымсыз иістен құтылу және кәріз жүйесінен сүзгіден өткен суды егін шаруашылығына пайдалану мәселелері бұрыннан көтеріліп келе жатқанын атты. Аталмыш мәселелер бір дегеннен шешілмейді. Бұл ауқымды іс  Үкіметпен бірге шешілуі тиіс екенін ескертті.

Алматы облысында ауылшаруашылығына арналған су жүйелерінің жұмысымен танысқан едік. Проблема көп. Суғару жүйелеріндегі кемшіліктерді анықтап, Үкіметке және жергілікті атқарушы билік өкілдерінің мәселені шешу жолдарын сұрағанбыз.

Шаруалардың жанайқайы – су жүретін құрылғылар мен арналардың тозуы.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті мүшелері Ескелді және Кербұлақ аудандарында болғанбыз. Ауылшаруашылық саласында ең күрделі мәселе — су. Жиынға келген  «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы филиалының мамандары жағдайды баяндады. Жұмыс жүріп жатқанына бүгін куә болдық.

ҚР сенаторы Зәкіржан Кузиев:

— Суғару желілері мен гидротехникалық құрылғылар іс жүзінде қатты тозған. Осыған орай арналармен келетін су азайып, тіпті кей жерлерде жоғалып кетеді. Суды шаруашылыққа жеткізіп беретін инфрақұрылымның 60 пайызы ескіріп кеткен.

Ал қаражат жинау, оны мақсатсыз жұмсау деректері туралы сұрақ туындап отыр. Әріптестерім осы бір-бірімен үйлеспейтін шаруаны тез реттеуді және нақты шешу жолдарын тағы да сұрайды. Осыған орай аймақтағы гидромелиорация жүйесін қайта қарап, шаруалардың жанайқайына жауап беру керек деп ойлаймыз. Біз бұл мәселені ішінен білетін мамандарды жұмылдырып, судың мақсатсыз жұмсалуын тоқтатуды сұраймыз. Бұл мәселені Сенатта да көтеріп, нәтижелі жұмысты жергілікті атқарушы биліктен күтеміз — деді.

Сенаторларды тағы да бір алаңдатқаны Іле ауданындағы кездесуге жауапты министрлік Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті өкілдері келмеген. Мұны сенаторлар жауапсыздық деп бағалады.  Экология және табиғи ресурстар министрлігіне арнайы шағым хат дайындап, хатта  мәселені тезірек шешілуін және осы істің басы-қасында министірліктің өкілі болуы керектігі айтылмақ.

Алматы облысы Іле ауданы Қараой ауылдық округіне қарасты «Чала» және «Құралас» каналдарының жағдайы мәз емес. Кеңес уақытынан бері жөндеу көрмеген осындай су пайдалану арналарына назар аудару қажет. Мұның кесірінен суармалы жерлерге су жетпейді. Осы  олқылыққа байланысты төмен жақта орналасқан Қараой ауылдық округіне канал суы керекті көлемде жетпей қалып, бар су далаға кетіп жатыр. Жауапты министрліктер мен жергілікті атқарушы билік жұмыстарына да сенаторлар сын айтты. Екеуара жұмыстары арасында жүйесіздік бар деді. Мұны сын деп қабылдау керектігін және алдағы уақытта нәтиже күтетінін ескертті.

Ескерте кетейік, жалпы Алматы облысындағы барлығы 263,8 мың гектар суармалы егістіктің ұзындығы 9,4 мың шақырымды құрайды. Негізі Алматы облысында 8 аудан мен Қонаев қаласында айналымнан шығып қалған 54,1 мың гектар суармалы жер бар екені белгілі болды.

Бағдат ШОЙБАС

Басқа жаңалықтар

Back to top button