Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыАуыл шаруашылығыБасты ақпаратКеген келбетіҚоғамМәдениетМерекелер

КЕГЕНДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Кеген ауданы – Алматы облысындағы ең басты аграрлы ауданның бірі. Кезінде тек голловей тұқымын өсіретін совхозда, қой өсіруден рекордсмен колхозда осы Кеген ауданында еді. Әзірде облыс бойынша ең ірі ет өңдейтін завод салынуда. Онымен бірге ауыл шаруашылығын дамыту мемлекеттің даярлаған жобалары бойынша да облыс бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Республика бойынша жүргізіліп отырған «Ауыл аманаты» пилоттық жобасында да құрылған ауыл шаруашылық өндірістік кооператив саны бойынша да бірінші. Халық санының аздығы бойынша Алматы облысындағы 2 қатарда тұрғанын ескерсек, Кеген ауданыны әлі де «аграрлы аудан»  статусын ұзаққа дейін бермейді. Сонымен Кеген ауданында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мерекесі қалай өтті? Саралап көрсек:

Шара басталмас бұрын ауданның ауыл шаруашылық саласындағы әлеуетін көрсету үшін көрме мен жәрмеңке ұйымдастырылған. Келген көпшілікке арнайы техниканы алса мемлекеттің қандай қолдауы бар екені де түсіндірілді. Асыл тұқымды түлік те, жаңа заманға сай техника да Кегенде бар екенінін баршаның көргені де жөн емес пе? Нарықтық бағадан төмен ет те, құрт та  жәрмеңкеге шығарылған.

Көрме мен  жәрмеңкеден кейінгі кезек мәдениет үйіндегі салтанатты шараға ұласты. Ең алдымен баяндама жасау үшін сөз, Кеген ауданы әкімінің орынбасары  Мұхтар Батырханұлына   берілді.

– Қазақ елі – ықылым заманнан бері дархан даламыздың сайын даласында төрт түлігін өрістеткен, тіршілігінің көзін қара жерге тамған терінен көре білген дана халық.

Алтайдан Атырауға дейінгі кең алқапты да осы мал және егін шаруашылығының арқасында иеленіп қалғанымыз ақиқат. Ес білген бала мен еңкейген қарияға дейін жылқының жалын тартып мініп, исі қазақ қанына тән қасиетті паш етеді.

Осындай өр рухты халықтың өрен ұрпақтарының әр сөзі мығым, әр ісі кемел болуы шарт. Кешегі бабаларымыз найзаның ұшы, білектің күшімен сақтаған қасиетті туған жеріміздің әр түйірінің қадірін біліп, тиімді пайдаланып, ел, экономикасын дамытуға жұмыс істеу әр қазақ баласының парызы.

Бүгінде ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, төл тарихымыз бен ұлттық болмысымыздың кепілі — ауыл шаруашылығы саласын жаңғырту мен жандандыруға ерекше назар аударылып отыр.

Сіздерді 2023 жылғы атқарылған және 2024 жылға қойып отырған мақсат міндеттермен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.

Ауылшаруашылық саласы бойынша 2023 жылдың  10 айында 21 млрд.  250 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, НКИ-101,0% болды.

Аудан бойынша жалпы жер көлемі – 710 298 га.

Оның ішінде: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер- 262 011 га.

Оның ішінде: Егістік жер –  35 452 га,

Шабындық жер – 20 419 га,

Жайылымдық  жер – 206 140 га жерді құрайды.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының негізгі қызмет түрі  мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту және өнімін өндіруді жүзеге асыру.

Шағын және орта кәсіпкерлік бойынша 3 433 субъектілерде 4950 адам жұмыспен қамтылған.  (198 заңды тұлға,  1408  жеке кәсіпкер,  1 827 шаруа қожалықтары).

Кәсіпкерлік субъектілерінен 2023 жылдың 10 айында бюджетке 492,4 млн. теңгенің салығы төленді.

Өсімдік шаруашылығы

Ауданда  жалпы егістік жер – 35 452 га.

Жоспарланған мал азығының 83 187 тоннасы көршілес аудандардан сатып алынып,  60 049 тонна ауданымызда дайындалды. Барлығы 143 236 тонна мал азығы дайындалды. Аудан көрсеткіші 100% орындалды. Болашақта мал азығының толық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жерлерімізді тиімді пайдалауымыз керек.

Себілген күздік және жаздық 8 212 га жердегі дәнді-дақылдан – 16 467  тонна (20 центнер/га), 2465 га картоптан – 45775 тонна (185 центнер/га), 271 га көкөністен 7 761 тонна (258 центнер/га)  өнім жиналды.

Күзгі дала жұмыстары барысында 2650 га алқабқа күздік бидай себілді.

Қазіргі таңда ауданда 810 дана техника бар. Бірақ саны көп сапасы жоқ техникаларымызбен жерді арготехникалық талаптарға сай өңдей алмаймыз.

«Казагро финанс» АҚ, Ауыл аманаты бағдарламасы және де микрокредиттік ұйымдар арқылы 51 млн теңгеге 4 техника, өз қаражаты есебінен 41 млн. 890 мың теңгеге 7 техника сатып алынды.

Облыс әкімінің қолдауымен дала жұмыстарын сапалы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету мақсатында 260 тн дизель отыны жеткізілді.

Аудандағы  суармалы егістік жер телімі 9198 га. суармалы егістік алқаптарына 1 шаруашылық аралық және  9 ішкі шаруашылық каналдары қызмет көрсетуі тиіс болатын.

Каналдардын жалпы ұзындығы 97 шақырымды құрайды. Осы каналдар іске қосылған жағдайда 8900 га егіс алқабы айналымға қосылатын болады. (Каналдардын іске қосылу мерзімі 2024 жыл).

Күрделі жөндеуден өткізуге құжаттары толығымен дайындалды. Құрылыстың жалпы құны 6 млрд. 500 млн теңгені құрайды, өткен жылы 1 млрд. теңге қаржы бөлініп жұмыстар жүргізілуде. (Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2024 ж. Қазіргі таңда  «Г.С.Г. Высотник» ЖШС  жеңімпаз болып анықталды.) Аталған жұмыстарға барлығы 2 млрд теңге қаржы бөлінді.

Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығының негізгі бағыты етті ірі қара, биязы жүнді қой шаруашылығы және жылқы шаруашылығына бағытталған.

Мал басы:

Ірі қара  – 63 181 бас

жылқы – 36 184 бас

қой-ешкі – 210 928 бас

құс – 30 610 бас.

тірі салмақта 11 813 тонна мал мен құс еті, 24 667 тонна сиыр сүті өндірілді.

Биылғы жылы ауданымызға мал шаруашылығын дамыту жоспары шеңберінде 2022-2026 жылдарға арналған «Алматы облысында ІҚМ және ұсақ мал басын дамыту» жобасы бойынша 3 шаруа  қожалық ауданымызға асыл тұқымды қой мен ірі қара малдарын 173,2 млн.теңгеге жеткізді.

Атап айтқанда, «Серік» шаруа қожалығы 34,2 млн теңгеге 90 бас абердин ангус ірі қара малын, «Ерсін» шаруа қожалығы 135 млн. теңгеге 1500 бас еділбай қойын, «Аяжан» шаруа қожалығы 4 млн. теңгеге абердин ангус ірі қара малын жеткізді.

Алдағы уақытта ауданымыздын тұқым алмастыру бойынша мал басын асылдандыру жоспарлануда.

Жер қатынастары саласы

Кеген ауданы аумағында бүгінгі күнге нысаналы мақсатында пайдаланылмай жатқан 27 715 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталып,  жылдың басынан бері ауданда нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбай отырған жер пайдаланушылардың келісім шарттарын бір жақты бұзу және қайтару жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде 10 367 га (оның ішінде өз еркімен қайтарғандар саны 7675 га,сот шешімімен қайтарылған 2692 га) жер көлемі ауданның жер қорына қайтарылды. Жыл аяқталғанға дейін қалған 6 181 га жер учаскесін аудан жер қорына қайтару жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, мемлекет меншігіне қайтаруға заңды тұлғалардың келісім шарттарын бір жақты бұзу бойынша 3 ЖШС-нің ( «Темірлан-С»  ЖШС-200 га, «Алгабас-Мугалжар» ЖШС-229 га, «Meat Processing and Service» ЖШС -512га), 3 жеке азаматтың (Иманкулова Ляззат — 353 га, Шадибеков Дуйсенбек-460 га, Алыбаева Куралай-167,5 га ) жалпы көлемі 1 921,5 га жер учаскелеріне талап арыз толтырылып сотқа жолданып сот процесі жүріп жатыр.

Мемлекет меншігіне қайтаруға заңды тұлғалардың келісім шарттарын бір жақты бұзу бойынша сот шешімімен 7 ЖШС-нің («Теплоэнергомаш» ЖШС- 134,5га, «Корпорация Агро Инвест Холдинг» ЖШС-135 га, «Meat Processing and Service» ЖШС-1 255 га, «Евразия Даулет» ЖШС – 300 га, «Жер Олжа Продукт» ЖШС – 100 га, «Жалаңаш Агро Аганас» МТС ЖШС – 200 га,КазМясо-499 га) 1 жеке тұлғаның (Мергенбаев Базарбай – 69 га) жалпы көлемі  2 692 га шартты бұзылып аудан жер қорына қайтарылды.

Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-не  ҚР Салық кодексінің 509-бабының 5-тармағына сай 20 есеге  жер салығын өсіруге  3  ЖШС-нің («Аgro Тour «ЖШС- 1000,0 га, «Компания Строй Текс» ЖШС-10,0 га, «Janasar»  ЖШС –  544.0 га, «Барыс ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-5000,0 га)  6 554 га жер учаскесіне нұсқама хат жолданды.

Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-не  «БАРЫС» Ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС-нің 5000,0 га жер учаскесіне, 2023 жылғы 10 қарашадағы шығыс  №02-15/356-И саңды хатпен  шара көруге хат жолданды.

2024 жылы өз мақсатында пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін, заң талаптарына сай мемлекеттік меншікке қайтару жұмыстарын жоспармен шектемейтін боламыз.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша 1 млрд. 498 млн. теңге болатын 212 жобаның құжаттары «Қонаев» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына жолданды.

Оның ішінде,   54 кәсіпкер 474 млн. 266 мың  теңге несиелерін алып, бағыты бойынша жұмыстарын бастады.

27 жоба бойынша  238 млн. теңгеге оң қорытынды алынды.

Қалған 131 жобалардың құжаттар пакеттері облыстық комиссияда  қаралуда. Ауданымызда 2023 жылы бағдарлама аясында 12 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, аудандардың көшбасшысы болды. Бағдарлама бойынша бөлінген қаражатты игеруде ауданымыз 3 орынды иеленді. Келер жылы бағдарлама бойынша жұмыс істеуге ниет білдіріп отырған шаруалардың саны аз емес.

Инвестиция

Ағымдағы жылдың 10 айында негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 8 млрд. 32 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 167,9 пайызға орындалды.

республикалық бюджеттен – 1 535,1 млн. теңге,

(2022 жылы 374,7 млн. теңге).

жергілікті  бюджеттен –  5 138,6 млн. теңге,

(2022 жылы  2943,3 млн. теңге),

тұрғындардың жеке қаржысымен – 1 103,8 млн. теңге,

(2022-ы 1252,6 млн. теңге).

. банктік кредиттер – 255,1 млн теңге.

(2022 жылы 10,9 млн. теңге). Құрайды.

Жылына 300 тонна сүт өндіретін сүт тауарлы «Талас» АӨК фермасының құрылысы аяқталып, 420 млн теңгеге инвестиция тартылып, бүгінгі күнде жоба іске қосылды.

Жоба құны 2,5 млрд теңге болатын жылына 3 мың тонна ет өндіруге мүмкіндігі бар «КегенМясПром» ЖШС құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалды. 2024 жылы іске қосу жоспарлануда.

Ауыл шауашылығының бір бөлігі балық шаруашылығы болып табылады.

Осы бағытта жоба құны 400 млн. теңге болатын Бестөбе су қоймасында орналасқан тауарлық балық өндірумен айналысатын «Great Steppe Heritage» (Грейт Стип Хертейдж) ЖШС-нің құрылыс жұмыстары аяқталып, 250 мың форель шабақтары жеткізілді. Ауданымызда балық шаруашылығына қызығушылар көбеюде. Балық шаруашылығын дамытуға ауданымыздың мүмкіндігі жеткілікті. Шаруашылықтардың дамуына атсалысып, қолайлы жағдайлар жасауға дайынбыз.

Құрметті ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлері! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, еңбекте табыс және баянды бақыт тілеймін. Еселеген еңбектеріңіз одан әрі жанданып, тәуелсіз мемлекетіміздің алда да жедел қарқынмен дамуына ортақ үлесімізді қоса берейік! Мереке құтты болсын! – деп баяндамасын аяқтады.

Одан кейінгі сөз кезегі Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаевқа берілді:

«Сіздерді бүгінгі ауыл шаруашылығы саласының кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ауылшаруашылығы – өміріміздің өзегі. Экономикамыздың даму көзі.

Ауданымыздың тарихына зер салсақ, өсірген төрт түлік малы мен еккен егіні халықтың әлеуетін жақсартып, тұрмыс-тіршілігін өркендетіп отырғанын көреміз. Кереге таулы Кеген өңірінің еңбекқор ел-жұрты да ауылшаруашылығы саласы арқылы жағдайларын жақсартып келеді. Қаласы мен даласын тең асырап отырған ауылшаруашылығы – ауданымыздың басты саласы болып қала береді.

Өрісімізді толтырып отырған төрт түлік мал мен жайқалған дәнді дақылды көз алдымызға келтіретін ауылшаруашылығының жағдайы жақсы.

Ет пен сүт бағытындағы асыл тұқымды мал өсірмей – мал шаруашылығының берері артып, берекесі кірмейді. Бұл бағытта да жүргізіліп жатқан жұмыстар баршылық.

Аудандағы шаруа қожалықтарының жағдайы жыл өткен сайын жақсара түсуде.

Осы орайда,  «Ауыл аманаты»  жобасы бойыншада жұмыстар өз жемісін беруде.

Төрт түлік малдың жайын жақсартуда, ет пен сүт өндіру көлемін арттыруда Қ.Молдасанов басқаратын «Құмтекей» шаруа қожалығының, Болат Аумолдаев басқаратын «Аумолдаев» жеке кәсіпкер құрылымының, Ж. Суатаев жетекшілік ететін «Ұларлы» шаруа қожалығының, Жоламан Игенбаев басқаратын «Тантыбай» шаруа қожалығының мерейлері үстем, жұмыстары жемісті.

Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымызға арнаған Жолдауында ауылшаруашылығы саласын кезең келбетіне қарай дамытуды тапсырды. Сапалы өнім өндіру, ауылшаруашылығы саласы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру туралы келелі ойын ортаға салды. Осыған орай алдағы жылдан бастап егіс саласында жаңа технология бойынша жұмыс жүргізуді жақсартатын боламыз.

Мал тұқымын асылдандыру бағытында игілікті істер жалғаса береді. Қолмен ұрықтандыруды жақсарта беруіміз қажет. Осының бәрі ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырып,  тұрмыс-тіршіліктерін жақсарта түсетін болады. Біз аудандағы шаруа қожалық жетекшілерін, серіктестік басшыларын ұшқыр уақыт, өскелең заманға лайық іс-қимыл жасауға шақырамыз. Өңірімізде шағын несие алып, мал бордақылау алаңдарын ашып, төрт түлік мал сатып алып жұмыс жасап жатқан жекелеген тұрғындар мен жас отбасылары бар. Олардың жұмыстарына жеміс тілейміз!

Құрметті ауылшаруашылығы саласының қызметкерлері!

Кәсіптік мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!

Қамбаларыңыз дәнге, шаңырақтарыңыз әнге тола берсін! Мереке құтты болсын!» — деп өз сөзін аяқтағаннан кейін аудан бойынша ауыл шаруашылық саласында қызмет етіп жүрген қызметкерлерді марапаттау басталды:

Кеген ауданының Құрметті азаматы:

Шөжімбек Елжас Тоқтасынұлы;

ҚР ауыл шаруашылығы саласының үздігі медалімен:

Асқарбаев Бақытжан Мырзағалиұлы

Аудан әкімінің құрмет грамотасымен:

Ыдырысов Құдайберген

Хален Амантай

Махмұтұлы Ислам

Сұлтанғазиев Айболат Әскербекұлы

Жанбаев  Жүсіп

Масимбаева Назым Серікқызы

Ерсариев Медет Даукенович

Уалиева Бағдат

Сарсенбиева Дина Әлдибекқызы

Бақытбек Аяулым Бақытбекқызы

Сарыбаев Ернар Санақбайұлы

Әлиасқаров Жеңіспек Мөнкебайұлы

Сатыбалдиев Ернат Маратұлы

Аудан әкімінің алғыс хаты

Бексұлтан Арғынбек

Мұратов Ерлік

Мұхамедиев Төрехан

Сатенов Дастан

Найдарбеков Рысбай

Сатынбай Тұрғанәлі

Әмір Осан

Қалмаханбет Тұрсынақын

Жолсейітов Дәулет

Байқонақ Мирас

Атамбеков Ербол

Жұмаділов Асқар

Шүкиров Маханбет

Шажабаев Ербол

Иманқұлов Асқат

Орманбеков Жолдасбек

Абдрахманов Ералы

Иманбаев Амангелді

Төлегенов Мұрат

Бешімбаев Бекнұр

Нұрғожаев Мұрат

Мәлік Марғұлан

Қабылбеков Сырым

Тышқанбаев Азат

Нұрғожаев Мұрат

Айманбет Мақсат

Буянбаев Бақыт

Абдилдаев Самат

Төребек Саят

Садықов Ернс Мақсутбаевич

Атабаева Тұрымхан

Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының Алғыс хатымен

Мүсірәліұлы Досан

Сагинбеков Сырым Нурманұлы

Бекбатыров Оразбай

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Алғыс хатымен

Ержан Жокенович

Кайрат Суюнбаевич

Куандық Жакыпбекович

ҚР фермер қауымдастығының Алматы облысы бойынша филиалының төрағасы Құрманалиевтің грамотасымен

Сансызбай Нұрбек Серікұлы

Аитжанов Бауыржан

Бекбатыров Оразбай

Нүптекеев Нұрым марапатталды.

Салтанатты шара барысында  Қазақстан  Республикасы фермерлер қауымдастығының Алматы облысы филиалының төрағасы Құрманалиев  Мағауия Айтәліұлы, Кеген аудандық «Ауыл» партиясының төрағасы Төлепбердиев  Қуанышбек  Жақыпбекұлы және «Руслан»шаруа қожалығының төрағасы Бекбатыров Оразбай ағалар ауыл шаруашылық қызметкерлерін төл мерекелерімен құтықтап, жұмыстарын табыс тіледі.

«Малым – жанымның садақасы…» деген бабаларымыздың негізгі кәсібі мал шаруашылығын өркендету еліміздегі шаруалардың тіршілік тынысын кеңейтудің бірден-бір дара жолы. Әдетте, экономикалық қуаттылық жайлы ой қозғасақ, ойға бірден мұнай немесе қазба байлықтар келеді. Дегенмен, табиғи жер асты байлықтары түбінде сарқылып таусылары хақ. Дала төсінде маңдай тер мен қажырлы еңбекпен жүрген аудан диқандары мен төрт түлікті тіршілігіне арқау еткен ағайынның арқасында аудан экономикасы барынша өсіп келеді. Ауыл шаруашылығы дамыса нан да, ет те, сүт те болары нақ.

Мақпал ШАДАН

Басқа жаңалықтар

Back to top button