Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыАуыл тынысыЗаң және бізҚоғам

СОТ ПЕН СУДЬЯЛАРДЫҢ БЕДЕЛІ АРТТЫ

Сот билігінің негізгі міндеті – қоғам мен мемлекет өміріндегі туындайтын жанжалдар мен дауларды шешу, бұзылған құқықтарды қорғау, құқықтық тәртіпті реттеу болып табылады. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкілеттілігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тиым салады.

Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттілігін немесе сот билігі функцияларына иеленуге құқығы жоқ. Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиіс өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымдық немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.

Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүддерлерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе олардың шектейтін кез келген заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі. Ешкімді де оның ісін заңның барлық талапты мен әділеттілік сақтай отырып құзыретті, тәуелсіз соттың қарау құқығынан айыруға болмайды. Сот билігі азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады.

Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін заңдарды немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді. Сот төрелігін іске асыруда сот қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Сот шешімдері мен судьялардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке заңды тұлғалар орындауға міндетті. Сот шешімдері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі Конституциямен және Республиканың конституциялық заңмен белгіленеді. Қазақстан Республикасының сот жүйесін Жоғарғы Сот және жергілікті соттар, облыстық және оларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық) соттар құрайды. Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол бермейді. Бірақ бұл мамандандырылған соттарды құруға болмайды дегенді білдірмейді. Сот билігі сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген түрінде жүзеге асырылады. Соттардың адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін зандар мен өзге де нормативтік-құқыктық актілерді қолдануға құқы жоқ. Енді сот жүйесінің буындарын қарастырып көрелік.

Аудандық соттар — соттар жүйесінің негізгі буыны — сот әділдігін жүзеге асыруда ауқымды құзыретке ие және сот жұмысының елеулі билігін атқарады. Оларды ауданда, қалада, қала ауданында Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша Президент құрады. Мұндай соттар төрағадан және аудандық судьялардан тұрады. Аудандық сот өзге соттардың жүргізуіне жататын істерден басқа бірінші сатыға жататын барлық істерді қарайды. Облыстық және оларға теңестірілген соттар орта буын соттарын Президент құрады. Бұл буындағы соттар жүгіну, кассациялық және қадағалау ретіндегі бірінші саты соттары ретінде, сондай-ақ аудандық соттарға катысты жоғары тұрған сот ретінде әрекет етеді. Қаралып отырған соттар сот төрағасынан, алқалар төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот жүйесінің ең жоғары буыны. Жоғарғы Сот азаматтық, қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады. Заңда көзделген іс жүргізу нысандарында өзінен төмен тұратын соттардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады. Нормативтік қаулылар алу жолымен оларға сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады. Жоғарғы Сот төрағадан, алқа төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасын, алқалардың төрағаларын және Жоғарғы Соттың судьяларын Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын, алқалардың төрағаларын және облыстық соттар мен оларға теңестірілген соттардың судьяларын Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Президент тағайындайды. Басқа соттардың төрағалары мен судьяларын Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген Әділет министрінің ұсынуы бойынша Президент қызметке тағайындайды.

Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесі бірдей болады және бір-бірінен тек өкілеттіктерімен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен судьяға сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, ол өз міндеттерін тұрақты негізде орындайды және сот билігін жүргізуші болып табылады. Қазақстан Республикасының мереке күндерінің тізбесіне толықтырулар енгізіліп, 24-маусым — «Судья және сот қызметкерлері күнімен» толықтырылды. Осы ретте судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмысын жандандырып, беделін көтеруге байланысты шаралар ұйымдастырылғанын көреміз. Аларнайы кәсіби мерекенің белгіленуі сала қызметкерлерінің мерейін үстем етері даусыз.

 

М. КАЛИЕКОВА,

Іле аудандық сотының судьясы

Басқа жаңалықтар

Back to top button