Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ

Іле ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі №983 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер реестріне сәйкес, 64 мемлекеттік қызмет көрсетеді (22 қызмет электронды, 35 қызмет баламалы, 6 қызмет қағаз түрінде).

Аудан әкімі аппаратына қарасты 18 мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызмет көрсетеді  (1 кент кент, 9 ауылдық округ,  аудандық 8 бөлім). Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде «Е-Әкімдік», «Мекенжай тіркелімі», «Е-Собез»,«Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйелері қолданылады.

2023 жылдың қорытындысы  бойынша Іле ауданының ЖАО 58  611 (2022 жылы 48 103) 1 тоқсан бойынша 9718   мемлекеттік қызмет көрсетті. Барлық көрсетілген қызметтердің 91% электрондық түрде, 9% мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген.

Жергілікті мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында «Сервистік әкімдік»  форматымен аудан халқына заман талабына сай  қызмет көрсету  үшін  аудандық әкімдікте азаматтарды қабылдау орталығы және 1 кенттік (Боралдай кенті), 2 ауылдық округ әкімдігінің ғимараттары (Өтеген батыр, Байсерке ауылдық округтері) күрделі жөндеуден өтіп, «OPEN space» форматында жабдықталып, тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Алдағы уақытта Ащыбұлақ, Күрті, Қараой ауылдық округ әкімі аппараттарына күрделі жөндеу жүргізіп,  қайта жабдықтау арқылы тұрғындарға қолайлы қызмет көрсету үшін «OPEN space» форматында жабдықтау жоспарлануда.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдеріне күнделікті бақылау  жүргізуге мүмкіндік беретін  «Мониторинг»  ақпараттық жүйесі арқылы барлық жергілікті атқарушы органдардың қызметтерінің көрсету мерзімдерінің сақталуы күнделікті бақылануда.

Бүгінгі таңда тұрғындарға ең көп қызмет ұсынатын сәулет және қалақұрылысы, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім бөлімдері болып табылады.

Ауданда тұрғындарға электронды түрде қызмет ұсыну үшін 121  өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары  ауылдық округ әкімі аппараттарының ғиматтарында, балабақша, мектеп, ауылдық кітапханаларда жабдықталған.

Аталған бұрыштарды жабдықтау бүгінгі күні денсаулық сақтау мекемелерінде дұрыс жолға қойылмаған. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Кенен Әзербаев, Байсерке, М.Түймебаев ауылдық емдеу мекемелерінде мүлдем жабдықталмаған.

Бөлім арқылы тұрғындардың қызметтерді электорнды түрде алуды талдау қорытындысына сәйкес өткен жылы аудан тұрғындары 38 910  (2022 жылы- 29) қызметті ХҚКО бармай-ақ аталған бұрыштар арқылы электронды түрде алған.

Аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру, халықтың цифрлық,  құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері, ашық есік күндері, семинарлар  тұрақты түрде өткізілуде.

Өткен  жылдың қорытындысы бойынша Боралдай кенті мен ауылдық округтер және бөлімдер арқылы 49 іс-шара өткізіліп оған 9810  адам қамтылды (2022 жылы 28 шараға, 6 710 адам қатысқан) .

Электронды қызметтерді тұрғындарға насихаттау бағытында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында бекітілген  медиа жоспарға сәйкес 2023 жылы 48  мақала, әлеуметтік желілерде 6 бейнеролик жарияланып, тұрғындарға барлығы 2310 дана түрлі брошюралар таратылды. (2022 жылы 34 мақала, 4 бейнеролик, 1903 брошюра таратылды).

Аудандық мәслихат депутаттарымен аудан әкімі  жанынан құрылған мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы  арнайы мониторингтік  тобы  ХҚКО да  өткізген ашық есік күндерінде сәулет, жер қатынастары, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, әлеуметтік төлемдер бойынша 412 адамға кеңес беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іле ауданы әкімінің жанынан аудандық депутаттар, қоғамдық кеңес, жастар мен мүмкіндігі шектеулі жандардан құрылған мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау жөніндегі арнайы мониторингтік топ мүшелері тоқсан сайын мекемелердегі қызмет көрсету сапасына талдау жасап тұрады.

Өткен жылы 14 мектеп, 4 балабақша, 10 ауылдық округ әкімінің аппараты, 5 аудандық бөлімдерге зерделеу жұмыстары жүргізілді. Талдау қорытындысы бойынша талдау парақшалары толтырылып, кемшіліктер қоғамдық кеңес және «AMANAT» партиясының депутаттық фракция және саяси кеңестің бюро отырыстарында қаралып, ұсыныстар берілді.

Талдау барысында ғимараттардың талаптарға сай еместігі, қызмет алушыларға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуға қолайлы жағдайлар жасалынбағандығы (пандустардың, қоңырау түймелерінің,) ғимараттардың санитарлық нормаларға сай келмеуі және т.б. кемшіліктер анықталды.

Өткен 2023 жылы жоғарыдағы 11 мекемеге 10 ұсыныс енгізіліп, 7 кемшілік түзетілді. Тексеру қорытындылары облыстық, аудандық БАҚ да және ресми әлеуметтік желілерде  тұрақты түрде жарияланып тұрады.

Арнайы талдау тобының  жұмысының  нәтижесінде Байкент, Ақсай, Ақши, Қараой ауылындағы ауылдық мәдениет үйлеріне  және Боралдай кентінің ауылдық кітапханасына жалпы сомасы 5,5 млн қаржы бөлініп мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдайлар жасалып,  көрсетілген кемшіліктер орындалды.

Сонымен қатар білім бөлімінің, «Қазақтелеком» АҚ мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді жағдайлар жасалса, Қараой ауылдық округі әкім аппаратының ғимаратына пандус орнатылды.

Дегенмен, қазіргі кезде біршама білім, денсаулық сақтау мекемелері мен Ақсай, Күрті, Байкент, Ащыбұлақ, Қараой ауылдық округ әкімі аппараттарының ғимараты, Құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашлық, жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімдері мен аудандық мәнсап орталығының ғимараттары талаптарға сәйкес келмейтінін атап өткен жөн.

Қызмет алушылармен кері байланыс орнату мақсатында «QYZMET LIVE» жобасы аясында облыстық басқармалардың аудандық бөлімшелері, аудандық бөлімдер басшылары және Боралдай кенті мен ауылдық округ әкімдерімен өткен жылы  21  тікелей эфир өткізіліп, 411 ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 8 тікелей эфир өткізіліп, келіп түскен 89 сұраққа толық жауаптар берілді.

Жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесінде аудан тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу үлесі артқанын атап өткен жөн.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру алаңдарының бірі қоғамдық кеңестер отырысында қызмет сапасын арттыру мәселесін талқылау болып табылады.

Қоғамдық кеңестің отырыстарында мекемелердің (6 ауылдық округ, 5 мемлекеттік мекеменің) мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы мәселелер талқыланып, ұсыныстар орындалды.

Жергілікті атқарушы органдардың көрсететін қызметтері аудан әкімінің назарынан тыс қалған емес. Аудандық аппаратық кеңесте қаралып тұрады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына»  сәйкес және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізудің жоспарына сәйкес 2023 жылы 11 мекемеге, 2024 жылдың 1 тоқсанында 3 мекемеге заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша бақылау жұмыстары жүргізілді.

Бұзушылықтарға жол берген 2 округ әкімі, 1 бөлім басшысы және жауапты 7 маман тәртіптік жауапкершлікке тартылса, 3 ауылдық округ әкіміне ҚР: Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 465-бабы, 2 бөлігіне сәйкес  айыппұл  салынды.

Ішкі бақылау қорытындысы бойынша тиісті шаралар атқарылды.

Тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және  жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетіне арыз-шағымдарды азайту, олармен кері байланыс орнату мақсатында жоғарыдағы аталған жұмыстар жалғаса беретін болады.

С. Ерболатұлы,

мемлекеттік қызметтер мониторингі

және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы 

Басқа жаңалықтар

Back to top button