ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫМ КҮШТЕРІ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
Сәуір айының 27-сі күні Қонаев қаласында Қонаев қаласының прокуратурасы, Облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, облыстық балалар мен жасөспірімдер мен спорт мектебі және Қонаев қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2013-2014 жылғы жасөспірімдер арасында шағын футболдан «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында облыстық турнир өтті. Аталған турнирге облысымыздан 12 команда, 180 спортшы қатысты. Оған
- Қонаев қаласынан облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі – 2013.
- «Жетіген» футбол клубы Іле ауданы
- Казцик ауылынан облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі.
- «Шеңгелді» футбол клубы Шеңгелді ауылы.
- «Сарыбұлақ» Сарыбұлақ ауылы
- Қарасай ауданынан №2 Балалар мен жасөсіпірімдер спортмектебі.
- «Атлант» футбол клубы Іле ауданы
- «Ташқарасу» футбол клубы Ұйғыр ауданы.
- Талғар аудынан №2 Балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебі.
- Еңбекшіқазақ ауданынан «Нұра» футбол клубы.
- Қонаев қаласы ОФМБЖСМ 2014 (Облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі-2014).
- Еңбекшіқазақ ауданынан И.Шорманов атындағы орта мектеп.
Жарыста Еңбекшіқазақ ауданынан келген И. Шорманов атындағы орта мектептің командасы бірінші орын иеленді, екінші орында «Сарыбұлақ» футбол клубы Сарыбұлақ ауылы, үшінші орында Облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі – Іле ауданы А. Тоқпанов ауылы иеленді.
Ұйымдастырушылардың басы-қасында болған облыстық футболдан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Ернар Нұрланов: Жоба Қонаев қаласының прокуратурасы мен құрылымдық күштердің бастамасымен салауатты өмір салтын насихаттай отырып, облыс көлемінде жасөспірімдер арасында футболдан жарыс өтті. Одан бөлек әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмекте көрсетілді. Алдағы уақыттада игі бастама дәстүрлі түрде жалғаса бермек» — деді.
Өз тілшіміз