Жастар неге кітап оқымайды?
Бұл сұрақ көптеген жазушылардың көкейінде жүргені белгілі. Тек жазушылардың ғана емес,жалпы қоғамды толығандыратын мәселе. Осы сұрақтың түйінін табуға тырысқандаймын. Ойлана келе, өз пайымымды жауап ретінде, қағаз бетіне түсіргім келді.
Жастардың кітап оқымайтыны рас. Оны жасырудың қажеті жоқ. Себеп көп. Алғашқысы — смартфонға деген тәуелділік. Жаңа туған нәрестеден бастап, бізге жол сілтейтін ата-әжелерімізге дейін қазір қалта телефонына телміріп отырады. Мүмкін көп ақпарттың бір жерде жинақталғандығынан шығар. Бір уақытта бірнеше мәліметті ешқайда шықпай ала аласыз қазір.
«Тәрбие тал бесіктен басталады». Егер бала кішкентайынан сөредегі кітаптарды көріп, ата-анасының кітапқа қызығушылығын көріп өссе, балада соған бейімделіп, кітапқа деген қызығушылығы артар ма еді?! Қазір әлеуметтік желіде ақпарат көзі жетерлік. Оны білген жастарда әрине оңай жолына жүгіретіні тағы бар. Ізденгісі,талпынғысы келмейді. Сондықтан болар жастардың кітапқа деген қызығушылығы өте төмен. Жалпы айтқанда, қазір қоғам дерті-телефон. Қазір алып қарасақ, жарияланып, тұсуы кесіліп жатқан кітап көп. Кейбірінің мән-мағынасы жоқ, құдды бір кітап авторлары өз атағын шығаруға жасалған, бір оңай дүние секілді көрінеді. Апам: «бұрынғы кітаптардың тәрбиелік мәні зор, ойы терең, мағыналы еді…» дейді.
Қорытындылай келе жастарды кітапқа қызықтыру мақсатында, көптеген қызықты іс-шаралар ұйымдастырылуы керек. Мысалы: кітап оқудан жастар арасында марапатты ойындар, мектептесыныптар арасында кітапқа қатысты әртүрлі жарыстар жүргізілуі тиіс. Жалпы қоғамды әртүрлі жолдармен кітап оқуға шақыру керек. Жоғарыда «тәрибе тал бесіктен» деп айтпадым. Ата-анасы жұмыстан бос уақытта, өзіне қажетті рухани азықты ұялы телефоннан кітаптан алса, болашақта баласына да кітапхананың иісі таңсық болмас еді… Бұл менің жеке ішкі ойым.
«Кітап-білім бұлағы,
Білім өмір шырағы»
Аяулым Алмасқызы 11 сынып оқушысы