Без рубрики

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ «GALANZ BOTTLERS» ЖШС ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Ағымдағы жылдың 01 шілдесінде ҚР мәжіліс депутаты Максим Николаевич, “AMANAT” партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы , Іле аудандық әкім орынбасары Мамбетжанов Нұрлан Мәлікұлы Байсерке ауылдық округінің әкімі Көпбаева Тілеукен Отыншықызы Байсерке ауылында орналасқан «GALANZ bottlers»ЖШС- ның еңбек ұжымымен кездесіп, жұмыс барысымен танысты.

Еңбек ұжымы халық қалаулысымен кездесуде мәселелерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Мәжіліс депутаты кәсіпорын жұмысына қанығып, кездесуде жұмысшылар көтерген мәселелердің аяқсыз қалмайтынын, талданып, нәтиже шығатынын жеткізді. Депутат әңгіме барысында әлеуметтік қамсыздандыру саласына баса назар аударылып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ерекше мән беріліп келе жатқанын жеткізді. Кездесуде сондай-ақ бірқатар өзекті әлеуметтік мәселелер көтеріліп, айтылған барлық ұсыныс-пікірді ескеретінін айтты. Депутат кездесуде айтылған барлық мәселелер «AMANAT»партиясының фракциясының алдағы жұмысында қаралып, Парламентте көтеруге уәде берді.
#АМАNАТ

Басқа жаңалықтар

Back to top button