Халықтық штаб: АЭС құрылысы – экономикалық өсімнің драйвері
Халықтық штаб Ащыбұлақ ауылындағы №29 орта мектептің ұжымымен кездесу өткізіп, атом электр станциясының ел экономикасына тигізетін әсерін талқылады.
АЭС құрылысы тек электр энергиясын өндірумен шектелмейді, ол сондай-ақ жергілікті және ұлттық деңгейде экономикалық өсімнің драйвері болып табылады
💬 «АЭС құрылысы кезеңінде мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жобаның инфрақұрылымдық сұраныстарын қанағаттандыру үшін жергілікті жеткізушілер мен шағын кәсіпорындарға жаңа мүмкіндіктер беріледі. Мысалы, құрылыс кезеңінде 5-10 мың жұмыс орны ашылады, ал станция іске қосылғаннан кейін тұрақты түрде 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтиды. Бұл жұмыс орындары жоғары біліктілік талап етіп, жергілікті тұрғындардың кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етеді», – деді Халықтық штаб мүшесі Нұрлан Түймелиев.
Сондай-ақ АЭС ұзақ мерзімді жұмыс істей отырып, аймақтық және ұлттық экономиканың тұрақтылығына үлкен үлес қосады.