САМҒАТҚАН САН ҚЫРАНДЫ АЛТЫН ҰЯ
Іле ауданының Байкент ауылындағы №10 орта мектебінің іргетасы қаланғанына 50 жыл толып отыр. Білім ордасының іргетасы 1974 жылы қаланған. Кеңестік дәуір кезінде мектеп тек орыс тілінде білім берген болатын. 1989 жылы туған тіліміздің мәртебесі қабылданып, Қазақстанның барлық ауылдары мен қалаларында қазақ сыныптары ашыла бастады.
Мектеп тарихын 1986 қызмет жасай бастаған ұстаздардан бастағым келеді. Себебі, 1986 жылы қазақ жастарының алаңға шығып, өз тілектерін айтуы, жастарымыздың қуғынға ұшырауы, қасіреті жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Міне, сол бір қиын кезеңдерде мектеп басшылығына келген азамат Тасыбеков Жұмахан Жылқышыұлы болатын. 1986-2003 жылға дейінгі аралықта №10 орта мектебінде директорлық қызметті атқарды. Мектептің атақ-даңқын шығаратын мектеп басшысы. Директор мектептің миы, ұжымның ақылшысы, туындаған проблеманы дер кезінде шеше алатын ұйымдастырушы. Міне, осындай қасиеттерімен ерекшелене білген Жұмахан Жылқышыұлы №10 орта мектебінде 13 жыл қызмет атқарды. 1990-1991 оқу жылында Іле ауданы бойынша тұңғыш қазақ сыныбы №10 орта мектебінде ашылған еді. Сол жылдары «Қазақ тілі» қоғамы ұйымдастырылып, осы істің ұйытқысы болған бүгінгі күннің ардагер ұстазы болып отырған Жаңыл Уалханқызы болатын. Мектеп басшысының қолдауымен тұңғыш қазақ сыныбына 9 оқушы қабылданды. Бұл әрине сол кезде үлкен табандылықты, ерік-жігерді қажет етті, туған тілі үшін, ұрпақ болашағын ойлаған жанашыр ұстаздар сол кезде, санаулы-ақ еді…
Олардың қатарында Тәжімағамбетова Ақшагүл, Бейбіткүл Нұрғабылқызы, Гүлсім Тілеубердіқызы сияқты ұстаздар еді.
Қазақ сыныбының алғашқы түлектері 2000 жылы бітіріп шықты, сынып жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі (марқұм) Құрманбаева Әсия Қанапияқызы. Туған тіліне жанашыр, бола білген аяулы ұстазымыз Байкент ауылында да талай игі істердің ұйытқысына айналды.
Қазақ сыныптарында 1986-1997 аралығында Исабеков Қали Нұршаевич, Қарсыбаев Темірхан, Билібаев Ермек Қошқарбекұлы, Сарманова Тойдық, деген ұстаздар еңбек етті. Қазақ балаларының тағдырына алаңдап, ұстаз есіміне лайық бола білген, 1990 жылдан бастап қызмет істеген аяулы ұстаздарымыздың бірі – Қорғанбаев Әбдібай Жайғалиұлы еді. Алғаш қазақ тілі кабинетін ашып, тынбай еңбек еткен марқұм Әбдібай ұстаздың айтқан сөзі есімде: «Қызым, белімдегі шоқпарым саған аманат» — деп үлкен сенім білдірген еді…
Мектебімізде үздіксіз еңбек етіп, талай шәкірттерді ұшырып, алғысқа бөленген ұстаздарымыздың есімін атамасқа болмайды. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Жаннат Қайырбекқызы, қазақ сыныбының екінші түлектерін ұшырған математика пәнінің мұғалімі Баймуханбетова Жайнагүл, физика пәнінің мұғалімі Асайынова Роза, он саусағынан өнер тамған еңбек пәнінің мұғалімдері Гүлмира Баирова, Райымбекова Райгүл Ақатайқызы, Сарсембин Серік Төлегенұлы.
2003-2008 жылдары аралығында Тәжиева Ляззат Жақыпқызы мектебіміздің директоры қызметін атқарды. Үлкен-кішіні тыңдай білетін, жас та болса сабырмен, ақылмен жүретін тамаша басшы бола білді. Мектебімізде оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарып, өз үлестерін қосқан ұстаздар Мариям Қуанышбайқызы, Бақыт Мақсұтқызы (марқұм), София Нүрекенқызы, Имашева Жаннат Қайырденқызының есімдерін де атап өту қажет деп ойлаймын. Мықты әдіскер, ұстаздарға шығармашылық бағыт берген Молдағулова Ақмарал Құрманжановна да ерекше жан болатын. 2008-2015 жыл аралығында мектеп басшылығына Елена Евгеньевна Сапронова сайланды. Өз ісіне тиянақты, ұжымды жақсы басқара білген Елена Евгеньевнаны да ұстаздар қауымы ерекше сыйлады. 2015-2019 жыл аралығында директорлық қызметті атқарған Байдәулетов Әліпбек Әубәкірұлы еді. Тәжірибелі басшы, өз ісінің шебері, ақынжанды азамат Әліпбек Әубәкірұлы қызмет істеген жылдары мектеп күрделі жөндеуден өткен еді. 2019-2023 жылдар аралығында Ержанова Ақбаян Көптілеуқызы басшы қызметінде болды. Дана халқымыздың «Ұстазға құрмет көрсету – көрегендіктен» деген тамаша сөзі бар. «Алаштың ардақтысы М.Жумабаевтың «Алты Алаштың басы қосылса, төр – ұстаздікі» деген ұлы сөзі бар емес пе? Ана тіліне жанашыр болып мектебіміздің іс-шараларына белсене қатысатын, ақын-жазушылардың шығармашылық кештерін өткізіп, мектебіміздің жарығы болып жүрген ұстаздарымызды да мақтанышпен атай аламыз. Олар – бүгінгі ардагер ұстаздар Бөбекбаева Үміт Нүсіпжанқызы, Бақыт Мақсұтқызы (марқұм), Бибігүл Дәйкенқызы, Гүлзия Молдахметқызы, Жұмағыз Жылқышықызы. Сонымен бірге ардагер ұстаздар қатарында мектебіміздің дамуына үлес қосқан ұстаздарымыз география пәнінің мұғалімдері Арапова Нұржамал, ағылшын пәні мұғалімдекрі Гүлбану Нұрбекқызы, Зинаида Задаевна, Құрбанова Дина, Жиенбаева Сәуле есімдерімен толықтыруға болады. Ұстаздарға көрнекті құралдарымен, қажетті кітаптарымен уақытында қамтамасыз ете білген, өз ісіне тиянақты кітапханашыларымыз Наурызбаева Күлімхан, Жакеева Малина, Өткелбаева Салтанат есімдерін де құрметпен атауға болады. Мектеп – білім ордасы. Алтын ұя мектебінде біліммен сусындаған әрбір шәкірт білім ала отырып, келешегінің іргетасын қалайды. «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» демекші ардагер ұстаздардан тәлім-тәрбие алған, мектебімізден түлеп ұшқан, бүгінгі таңда №10 орта мектебінде қызмет істеп жүрген шәкірттермізді мақтан етеміз. Тұңғыш 1990 жылы ашылған қазақ сыныбының түлегі қазір бастауыш сыныбында сабақ беретін Оспанова Мөлдір, тарих пәнінің мұғалімі Абзал Сүлейменов, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Арай Тәтенова, математика пәнінің мұғалімдері Қамқа Берікбайқызы, Гүлнұр Бақытқызы, бастауыш сыныбының мұғалімі Матабаева Әйгерім, орыс тілі пәнінің мұғалімі Ажар Қонысбаевалардың есімдерін атауға болады. Қазақ сыныбының «Алтын белгі» иелері аз емес. Тұңғыш «Алтын белгі» иегері Заинов Рауан, Сырым Нұрқабек, Қуандық Нұрқабек, Темірханов Бахтияр, Слямханов Азат, Садықов Бақкелді, Әділ Алтай, Аминова Салтанат, Мұхтасырова Ақмарал сияқты шәкіртеріміз бұл күндері мықты маман болып қызмет атқаруда. 50 жыл бойы мұнда көптеген қабілетті де еңбекқор шәкірттер оқыған, білікті де білімді ұстаздар еңбек еткен, әлі де еңбек етуде. Киелі қара шаңырағымызда білім алып, талай жас шыбықтың тамыры тереңдеп еменге айналғанына Байкент ауылының ата-аналары да куә деп айтқым келеді. 2023-2024 оқу жылынан бастап басшылық қызметке келген Окасова Жадыра Қасымханқызы бұл күні ұжымды басқарып отыр.
«Алғашында бұл мектеп 1974 жылы 640 балаға арнап ашылған. Ол кездері 45 мұғалім және 700 -ден астам оқушы қабылданды. 50 жылдың ішінде 3000-ға жуық түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан. Бүгінгі мерейтойға ардагер ұстаздар, мектеп мұғалімдері, 1974 жылдан бері оқыған түлектер және ата-аналар қонақ ретінде шақырылды. Мерейлі күнде мектебімізге шығармашылық табыс, ал оқушыларымызға таудай талап тілеймін», — дейді ізгі тілекпен Жадыра Қасымханқызы.
Бұл күндері мектептегі оқу ісінің меңгерушілері Алтын Тортайқызы, Жамила Абылайқызы,Турмбетова Мөлдір, Назигүл Қожасқызы, тәрбие ісінің меңгерушілері Қойгелдиева Әйгерім, Аймаханова Лариса сияқты мамандар өз істерін жалғастыруда. Бүгінгі күні өз істерімен үлгі болып жүрген тәжірбиелі ұстаздарымыз да аз емес. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ляззат Сембайқызы, Қуандықова Айгүл, Элмира Серікқазықызы, Төлегенова Анар, Абдакимова Қарлығаш. Тарих пәнәнің мұғалімдері Асхат Абдулин, Бейсекенова Салтанат, Даңғылбаева Салтанат, география пәнінің мұғалімі Қарабекқызы Селия, ағылшын пәнінің мұғалімдері Хатира Тәукелқызы, Жанар Имашева, бастауыш сыныптың мұғалімдері Арай Айдынбаева, Замира Амирова, Исакова Еркінай, музыка пәнінің мұғалімдері Молдақарызова Мира, Төлегенова Рахила өз үлестерін қосып, қызметтерін жалғастыруда. «Мектептің жүрегі – мұғалім» демекші, барша ұстаздарға саналы, салиқалы ұрпақ тілеймін. Мектебіміздің мәртебесі арта берсін! 50 жылдық мерекең құтты болсы аяулы мектебім! дегім келеді
Айта өтелік, қазіргі таңда мектеп қабырғасында 1503 оқушы білім алып, 125 ұстаз қызмет етіп келеді.
Гулзия Молдахметқызы, ардагер ұстаз