әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жастар үшін білім мектебі
Білім – қай заманда болмасын адамзат үшін жарқын болашаққа бастар сәуле. Ал, білім ордасы — сол сәулені бойымызға сіңіретін киелі мекен. Адам барынша тырысып, өмірден өткенше білім жинағысы келеді. Әрине, ол білім, ең алдымен, отбасынан бастау алып, мектеп, жоғарғы оқу орны сияқты білім ордаларымен жалғасын табады. Мектепте жалпылама білім алған жасөспірім мамандығы бойынша білімді университеттен келіп алады. Осы жоғарғы оқу орнындағы студенттік кезең – ең бір тәтті, балалық шақтың соңғы кезеңдері іспеттес.
Міне, сондай үлкен білім ошақтарының бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Қазақстандағы ең таңдаулы жоғарғы оқу орны. Оған себеп те өте көп. ҚазҰУ тек білім ғана емес, рухани тәрбие беріп, қызықты естен кетпес сәттер сыйлай алатын айрықша оқу орны.
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың: «Жер бетінде университеттей қасиетті орын сирек, онысыз елдің өрекениеті олқы соғады. Университет бейне порметей алауы сынды білім қуғандарға өз шұғыласын шашып тұрады», дегені бар. Кемеңгердің осы ой ұшығынан –ақ, университеттің ұлт өркениетіндегі теңдессіз үлесін бағамдауға болады.
Ал қазақ өркениеті мен ғылым –білімі үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың алар орыны тым бөлек.Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті саналады. Университет жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы боып келдеі.
Ел ғылымының ежелгі ордасы саналатын қасиетті оқу орыны биыл да толағай табыстарға қол жеткізді. Айталық алғаш рет Қазақстандық университет — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдегі ең үздік университеттер арасында жоғары орынға ие болып, QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде тағы жоғары орынға алға шықты. Бұл топқа посткеңестік кеңістіктен тек екі университет кіреді: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ). Бұл жетістік әлемдік өркениеттің көшіне ілесіп, дүние дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқанымызды айғақтайды.
.
ҚазҰУ-дың осы рейтингіде табысты ілгерілеуінің маңызды факторы кең аудымқы құрылымдық модернизация, нәтижеге бағытталған басқарудың жоғары тиімділігі, сондай-ақ соңғы бес жыл ішінде жоғары пайызға өскен бірегей инфрақұрылымның қарқынды дамуы болып табылады. Әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу бағытын сақтай отырып, ҚазҰУ медицина-биологиялық және инновациялық ІТ кластерін қалыптастыру бойынша жұмыс жасауда, оның негізін жаңа суперкомпьютер құрайтын болады.Осы кешенді жобалар келешекте ел дамуынада өзіндік ықпал етеді деп сенеміз.
Бүгінде ҚазҰУ-дың таңғаларлық тәжірибесін әлемнің жетекші университеттері зерттеу үстінде, бұл университеттің жоғары бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші болып табылады.Осындай ауқымды іс-шараны өткізу Қазақстанның өсіп келе жатқан беделін айғақтайды және елдің жоғары білім беру жүйесін әлемде алға жылжытуға ықпал ететін болады. Алдағы уақыттада қазақ ғылымының қарашаңырағы саналатын біздің университет әлемдік бәсекеге қабілеті ел құу мұратына берік ірге тас бола алатындығы шүбәсіз.
Тоқсанбаева Нұргүл Қорғаджанқызы. психология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры