Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Үкімет үйінде өткен брифингте Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров валюта нарығындағы ахуал және оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы баяндады.

« Үкіметтің басты міндеті – азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатының нашарлауына жол бермеу және кәсіпкерлерге кері әсерді азайту. Экономика мен халық үшін ықтимал теріс салдарды тұрақтандыру және барынша азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Бұл үшін Үкіметтің ресурстары мен құралдары жеткілікті», — деді Н.Байбазаров.2025 жылдың басынан бастап балалы отбасыларға берілетін барлық жәрдемақылар 6,5%-ға индекстеледі.

Осылайша, ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, барлық зейнетақылар мен жәрдемақыларды жыл сайынғы индекстеу жүргізілді. Бұл ретте 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап  зейнетақыны 8,5%-ға, әлеуметтік төлемдерді және базалық зейнетақыны 6,5%-ға жыл сайынғы индексациялау жүргізіледі.

Үкімет инвестицияны ынталандыру және экономиканы әртараптандыру бойынша жоспарларын жүзеге асыруды жалғастыратын болады.

Ғалия Мұнасова

Бас есепші

Басқа жаңалықтар

Back to top button