Алматы облысында балhttps://ile-tany.kz/?p=18607&preview=trueық шаруашылығын дамытуға 5 ірі жоба іске асырылуда
Өңірде балық шаруашылығы саласын дамыту қарқын алуда.
Балқаш-Алакөл бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Құмашевтың мәліметінше, өңірде бес ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалардың жалпы құны 1,8 миллиард теңгені құрап, жылына 3 660 тонна тауарлы балық өндіру жоспарланған.
«Аталған жобалар ішкі нарықты сапалы балық өнімдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа да шығаруға мүмкіндік береді.Жоспар жүзеге толықтай асса, 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде,”– деді инспекция өкілі.
Қазіргі уақытта Алматы және Жетісу облыстарында 70 балық шаруашылығы жұмыс істеп тұр, оның 57-сі белсенді түрде өнім өндіруде. Жыл басынан бері өңірде 5 200 тонна тауарлы балық өсірілсе, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 300 тоннаға дейін артады.
Мемлекет балық шаруашылығын дамытуға ерекше қолдау көрсетуде. Жаңадан іске қосылған шаруашылықтарға субсидия бөлініп, жем-шөп пен жабдықтарға кеткен шығындардың бір бөлігі өтелуде. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге 2,5% жеңілдікпен, 10 жылға дейін 5 миллиард теңгеге дейін несие алу мүмкіндігі ұсынылған.
Брифингте қысқы балық аулау маусымының басталуына байланысты қауіпсіздік мәселелері де талқыланды. Қапшағай су қоймасы мен Балқаш көлінде балық аулау – табиғат аясындағы демалыстың танымал түрі. Дегенмен, мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтамау адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.
«Әрбір балықшы мұздың қалыңдығын тексеріп, құтқару құралдарын пайдалануы керек», – деді Ринат Құмашев.
Сонымен қатар, мұз үстінде тұрмыстық қалдықтарды қалдырмау қажеттігі ескертілді.Егерде заңбұзушылық агықталған жағдайда 37 мың теңге көлемінде айыппұл салынуына әкеледі деп қортындылады спикер.