Алматы облысының жаңалықтары

  2024 жылы облысымызда тұрғын үй құрылысындағы оңнәтижелер, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарынқолдау бағытында атқарылған жұмыстар жоғары бағалауғатұрарлық. 954,6 мың шаршы метр тұрғын үйдіңпайдалануға берілуібұл әлеуметтік мәселелерді шешугебағытталған маңызды қадам. Бұдан бөлек, республикалықжәне жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражат арқылыхалықтың әлеуметтік осал топтарына арналған тұрғын үйсатып алу жұмыстары да айтарлықтай нәтиже көрсетті.

   Аналар кеңесі ретінде біз осы көрсеткіштердің, әсіресе көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарын өте маңызды деп санаймыз. Жыл басында жоспарланған 1304 тұрғын үйдің 1281-і сатыпалынғаныбұл ата-аналар мен балалар үшін үлкенмүмкіндіктер ашатын нәтижелі жұмыс. Осылайша, жергілікті билік пен мемлекеттік құрылымдардың осы бағыттағы күш-жігерін бағалап, біз барлық қоғамдықұйымдарды осы істің ары қарай да ілгерілеуіне үлес қосуғашақырамыз.

    2025 жылы 787,5 мың шаршы метр тұрғын үйдіңқабылдануы мен 348 жаңа тұрғын үйдің салынуы да көпбалалы, аз қамтылған және басқа да әлеуметтік осалтоптарды қолдауға бағытталған үлкен мүмкіндіктертуғызады. Осы жұмыстардың жалғасуы аналардыңәлеуметтік жағдайын жақсартуға, отбасылардың өмір сүрудеңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

   Біз, аналар кеңесі, өз тарапымыздан тұрғын үй мәселесіншешуге байланысты мемлекеттік органдармен, қоғамменбірлесе жұмыс істеп, біздің қоғамның әрбір мүшесініңқұқығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін бар күшіміздісалуға дайынбыз.

Іле ауданының аналар кеңесінің төрайымы

М.Т Жабиева

Басқа жаңалықтар

Back to top button