Без рубрики

Сұйытылған газдың қолжетімділігі – халық игілігі үшін маңызды қадам

Іле ауданы қоғамдық кеңесі төрағасының пікірі:

Еліміздегі бензин мен сұйытылған газдың бағасы көрші елдермен салыстырғанда қолжетімді екені анық. Бұл – мемлекетіміздің халықтың әл-ауқатын арттыру және ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық саясатының жемісі. Әсіресе, сұйытылған газдың ішкі нарықта қолжетімділігі халықтың күнделікті шығындарын азайтуға, көлік жүргізушілерінің жүктемесін жеңілдетуге және энергия ресурстарын үнемдеуге оң ықпал етеді.

Соңғы жылдары сұйытылған газды тұтынудың артуы – оның тиімділігі мен экологиялық тұрғыдан таза энергия көзі ретінде танылғанын көрсетеді. Бұл үрдіс біздің еліміздегі отын-энергетика нарығының дамып, заманауи талаптарға бейімделіп жатқанын дәлелдейді. Алайда осы сұранысты қанағаттандыру мақсатында газ өндірісін арттыру, логистиканы жақсарту және бағаны тұрақтандыру шаралары әрі қарай да жүйелі түрде жалғасуы қажет.

Қоғамдық кеңес атынан халықтың игілігі үшін газ өндірісі мен тұтыну саласындағы тиімді реформаларды қолдап, олардың ашық әрі әділетті жүзеге асуын қадағалау жұмыстары жалғаса беретініне сенімдімін.

Іле ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы С. Закиржанов

Басқа жаңалықтар

Back to top button