АУДАН ӘКІМІ «ІЛЕ СӘУЛЕТ» ФУТБОЛҚҰРАМАСЫНА СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

Төрткүл дүниеге ортақ футбол ойыны ауыл балаларына таңсық емес. Аладоп аяққа ілінсе, қолдан қақпа жасап, екіге жарыла жарыса кету – үйреншікті әдіс. Жасыл алаң, жақсы доп болмаса да футболдан хабары бар әр бозбаланың көкейінде аты аңызға айналған Пеле, Марадонадан бастап, бүгінгі Роналду, Мессидің ойын өрнегі тұрары хақ.Аудандық «Іле сәулет» футболының жетістіктеріжыл санап артып, қарқынды дамып келеді. Біздіңауданымыздың аяқдоп шеберлері облыстық, республикалық, тіпті халықаралық деңгейлердеөнер көрсетіп, абырой биігінен көрінуде.
Ауданымыздың жігіттерінен құралған «Іле сәулет» футбол командасы жыл сайын облыстық, республикалық чемпионатында, ауылспортшылары ойындарында жеңімпаз атануда.
Аудан әкімінің атынан, «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы Алмасбек Сатибаев №38 мектеп гимназиясының спорт залында Іле ауданы «Іле сәулет» футбол құрамасының футболшылармен кездесіп, аудан әкімі атынан Ташкент қаласындағы жарыста жеңіс тілеп, спорт киімдерін табыстады.
– Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда, денсаулықты нығайтуда спорттың алатын орны ерекше. Соның ішінде футбол – кең таралған, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленген спорт түрі. Футбол ойыны – жер жүзіне кең тараған әлемдегі №1 спорт түрі болып саналады. Ала доптың сиқыры соншалықты, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін құмар. Футбол әсіресе жас жеткіншектерді бұқаралық сипатта спортқа баулудың бірден-бір құралы. Өйткені футбол тек қызықты спорт түрі ғана емес, жастардың жан-жақты физиологиялық дамуына, салауаттылыққа тартылуына жеткізер спорт. «Іле сәулет» құрамасы Ташкентте өтетін жарыста жасыл алаңға шығатын біздің жерлестерімізге тек қана сәттілік тілеймін, – деді Алмасбек Қожабекұлы. Спорт – денсаулық кепілі десек, спорттағы жетістіктер – ел мерейін өсіретін, азаматтық намыс пен жігерін шыңдап, даңқын арттыратын тынымсыз еңбектің жемісі. Мұндай жеңістер қажырлы күшпен келеді. Осы үдеден шығып жүрген аудан спортшылары биік белестерді бағындыруда. Олардың қатарында жастардың жеңіске деген жігерін ерекше атап өтуге болады. Қазақстан чемпионатында намысты қолдан бермей, аудан мерейін үстем еткендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Алдағы уақытта да додаларда топ жарып, жеңіс тұғырынан көріне береді деп сенемін– деді «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы А.Сатибаев.
“Осындай жобалар арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын жүзеге асыруға «Іле сәулет» командасы атсалысып келеді. Сондай-ақ спортты дамытуға және насихаттауға, мықты спортшыларды анықтауға, өскелең ұрпақ арасында саламатты өмір салтын насихаттауға үлес қосуда деді”, — А.Сатибаев.