AMANAT

Алатау қаласына қарасты 700 ге жуық тұрғыны бар Еңбек ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.

Бұған дейін ауыл жұрты қарапайым тексерулер үшін қала орталығына баруға мәжбүр болса, енді алғашқы медициналық көмекті өз ауылынан-ақ ала алады.

Нысан «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында салынды. Құрылысына мемлекетке қайтарылған заңсыз активтерден 169 млн 818 мың теңге бөлінген.

Алатау қаласының әкімі орынбасары Гүлбану Несіпбаеваның
айтуынша, жалпы аумағы 0.4020 сотық жерге салынған 261,8 шаршы метрлік жаңа ғимарат бір мезетте 20 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда алғашқы қабылдау, жүкті әйелдерге арналған кабинет, егу және процедуралық бөлмелер қарастырылған. Сонымен бірге ауызсу құбыры мен кәріз жүйесі толық тартылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Ержан Сүлейменовтың мәліметінше, бұл тек бір ауылға арналған жоба емес. Мұндай медициналық мекемелерді көбейту арқылы өңірдің барлық шалғай елді мекендерін дәрігерлік көмекпен қамту көзделіп отыр.

«Біз үшін әр азаматтың заманауи медициналықкөмекке қол жеткізуі маңызды. Сол үшін қазіргі уақытта ауылдық жерде денсаулық сақтаунысандарын салу, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және кадрлармен қамтамасыз етужұмыстары жүргізілуде. Бүгін қолданысқа берілген фельдшерлік-акушерлік пункт осының дәлелі. Жылаяғына дейін бірқатар елді мекендерде медициналық мекеме қолданысқа берілмек», – дейді Ержан Сүлейменов.

«AMANAT» партиясы өкілдерінің пікірінше, бұл жоба ауылдағы денсаулық сақтау сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

«Анализ тапсыру үшін енді аудан орталығына сабылмайсыздар. Қажет жағдайда қаладағы ауруханаларға жолдама беріледі. Бұл – партияның ауылдарда медициналық көмекті жақындату бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі», – деді партияның Іле аудандық филиалының төрағасы Алмасбек Сатибаев.

Алатау қаласының аға прокуроры Бауыржан Смағұловта жаңа нысанның маңызын атап өтті.
«Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. Сол қаражат есебінен халыққа қажетті әлеуметтік нысандар салынуда. Бүгін ашылған бұл пункт – соның нақты дәлелі. Қазіргі таңда облыста осындай 22 нысан бой көтеруде», – деді ол.

Жаңа нысан – ауыл халқының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттырып, денсаулықты жақсартуға үлкен мүмкіндік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button