БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

2025 жылғы 30 қазан күні «AMANAT» партиясының 2023-2027 жж. арналған сайлауалды бағдарламасы бойынша «Жол картасының» орындалуы мақсатында «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы А.Сатибаев, аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы С.Жарқынбеков, аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық филиал қызметкерлерінен құралған жұмысшы тобы әлеуметтік желідегі тұрғындардың арызы негізінде Екпінді ауылындағы № 2 орта мектептің камера бақылау жүйесінің жұмысын зерделеді. Мектеп басшысысының айтуы бойынша мектептің камера бақылау жүйесі 2025 жылғы тамыз айынан бері істен шыққан, сол себепті мектеп қоңырауы да автоматты түрде істемей тұрғаны жайлы айтты. Аудандық білім бөліміне мектеп әкімшілігі тарапынан өтініш жазылған, бұл мәселенің мердігер компания мен білім бөлімі арасындағы қаражатқа байланысты жасалмай тұрғаны анықталды. Білім бөлімі заңгері айтылған кемшілік бойынша 2 апта ішінде жұмыс жасалып, реттелетіні жайлы айтты.
#AMANAT



