СУТДЕНТТЕР ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Алматы облысы филиалында дәстүрлі ашық есік күні өтті. Іс-шараға Сәтбаев университетінің 3-курс студенттері қатысты.
Іс-шараны эксперт Каранеева Маржан түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, битум қоспаларын дайындау және оларды сынақтан өткізу тәртібі, сондай-ақ оған қолданылатын нормативтік құжаттар туралы ақпарат берді.
Битум кабинетінде студенттерге битум өнімдеріне жүргізілетін сынақтар таныстырылды. Оның ішінде битум маркасын анықтау, пенетрация көрсеткіші, түрлі температура жағдайларындағы төзімділік, су ішіндегі тұтқырлық деңгейі нақты құралдар арқылы көрсетілді.
Жол сапасының негізгі бөлшектерінің бірі — битум.
ҚР СТ 1373-2013 стандарты жолға қолданылатын битумның сапасын анықтайтын техникалық талаптарды белгілейді.


