Без рубрики

Бақытты әрі қауіпсіз балалық шақ – зорлық-зомбылықсыз!

«Зорлық-зомбылықсыз – 16 күн» республикалық акциясы аясында Алатау қаласының Отбасын қолдау орталығы қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар маңызды профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шаралардың басты мақсаты – әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіз ортада өмір сүруіне жағдай жасау және «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда қалыптастыру.

Акция барысында орталық мамандары құқық қорғау органдары, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен, сондай-ақ жастар ұйымдарымен бірлесе отырып, елді мекендерде профилактикалық кездесулер, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, тренингтер мен жеке кеңестер ұйымдастырды.

Отбасын қолдау орталығының психолог маманыжасөспірімдердің психоэмоционалдық ахуалын бағалап, кейбір балалардың психологиялық қолдауға мұқтаж екенін анықтады. Бұл туралы тиісті мектеп психологтарына хабар беріліп, жүйелі жұмыс жүргізу ұсынылды.

Мектептерде өткізілген кездесулерде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оны болдырмаудың жолдары, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері және көмекке жүгіну тетіктері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, ата-аналармен ашық диалог форматында кездесу өтіп, отбасылық құндылықтар мен бала тәрбиесіндегі жауапкершілік мәселелері талқыланды.

Шара барысында ақпараттық парақшалар таратылып, еріктілер мен белсенді жастардың қатысуымен «Қан тапсырып – өмір сыйла» акциясы өтті. Бұл шара тек көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету емес, сонымен қатар, қоғамда жанашырлық пен мейірімділік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.

Алатау қаласының Отбасын қолдау орталығы осындай іс-шаралар арқылы зорлық-зомбылықтың алдын алуға белсенді атсалысып келеді. Бүгінгі ұрпақтың бақытты және қауіпсіз балалық шағын қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Зорлық-зомбылықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі!

Басқа жаңалықтар

Back to top button