Конституциялық реформа – ел дамуының жаңа кезеңі

Бүгін өткен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы ел дамуы жолындағы маңызды әрі тарихи қадамдардың бірі болды. Қазіргі жағдайда мемлекеттік жүйені жаңғырту – қоғамның сұранысына жауап беретін, әділеттілік пен ашықтықты күшейтуге бағытталған өзекті бастама. Конституциялық реформаның негізгі мақсаты – басқару үдерістерін тиімді ету, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайту.
Халық кеңесін құру бастамасы қоғамдық пікірді ескеруге, азаматтардың ұсыныс-тілектерін шешім қабылдау процесіне тартуға жол ашады. Бұл өз кезегінде қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті күшейтіп, ортақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Жалпы алғанда, қолға алынған реформалар елдің тұрақты дамуына серпін беріп, болашақ ұрпақ үшін әділетті әрі берік мемлекет құруға негіз болады.
Іле аудандық мәслихатының депутаты Жарқынбеков Сұлтан Данашұлы



