Мемлекеттік жүйені жаңғыртудың тарихи маңызы

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысы мемлекет дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанымызды білдіреді. Мемлекеттік басқару жүйесін қайта қарау – уақыт талабы, өйткені қоғам өзгеруде, ал билік құрылымдары осы өзгерістерге сай болуы тиіс. Бұл реформалар әділеттілікті күшейтуге, азаматтардың құқықтарын қорғауға және қоғамдық сенімді арттыруға бағытталғаны қуантады.
Халық кеңесін құру бастамасы – билік пен қоғам арасындағы диалогты нығайтудың нақты көрінісі. Азаматтардың пікірін ескеріп, олардың ұсыныстарын тыңдау арқылы ғана тиімді әрі орнықты шешімдер қабылдауға болады. Мұндай қадамдар қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті күшейтіп, елдің болашағына деген сенімді арттырары сөзсіз.
“Amanat” партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы



