Әділетті мемлекетке бастар жол

Бүгінгі Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы ел өміріндегі маңызды бетбұрыс кезеңдерінің бірі деп айтуға болады. Мемлекеттік жүйені жаңарту – тек заңнамалық өзгеріс емес, бұл қоғамның әділеттілікке, ашықтыққа және жауапты басқаруға деген үмітінің көрінісі. Конституциялық реформалар азаматтардың құқықтарын кеңейтіп, билік құрылымдарының тиімділігін арттыруға бағытталғаны ерекше маңызға ие.
Халық кеңесін құру бастамасы әрбір азаматтың даусы естілетін қоғам қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл қоғамдағы өзара сенімді күшейтіп, ортақ мүдде жолында бірігуге жол ашады. Осындай реформалар елдің тұрақты дамуына, қоғамдық келісімнің нығаюына және болашақ ұрпақ үшін берік негіз қалдыруға қызмет етеді деп сенемін.
Іле аудандық мәслихатының депутаты Гейдаров Гамзе Бадриевич



