Мемлекеттік қызметтердегі цифрлық серпіліс: бір жылда өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарыарқылы 15 млн-ға жуық қызмет көрсетілді
2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар мемлекеттік қызметтердіцифрлық форматта өз бетінше алу мүмкіндігінбелсенді пайдаланған. Бұл туралы «Азаматтарғаарналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясыхабарлады. Жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағындағы өтініштерсаны бір жыл ішінде 6,6 млн-нан астамға өсіп, шамамен 14,8 млн-ға жеткен. Ал 2024 жылы бұлкөрсеткіш шамамен 8,2 млн болған.
Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылыкөрсетілген қызметтер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр – мұнда бір жыл ішінде 2,3 млн-нан астам қызмет көрсетілген. Одан кейінтізімде Алматы облысы (1 млн-нан астам) жәнеТүркістан облысы (шамамен 1 млн) орналасқан.
Аталған аймақта ең көп сұранысқа ие болғанкелесі бес қызмет: электрондық цифрлық қолтаңба(ЭЦҚ) алу, архивтік анықтамалар рәсімдеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, соттылығыныңбар немесе жоқ екендігі туралы анықтама беру, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқекендігі туралы анықтама алу.
«Біздің қызметіміздің негізгі мақсаты – азаматтарға барынша ыңғайлы әрі қолжетімдіжағдай жасау. Әр адам мемлекеттік қызметтіөзіне қолайлы тәсілмен алуы тиіс: біреулермобильді қосымшалар мен электрондық үкіметпорталын таңдаса, өзгелері банк қосымшаларыннемесе ХҚКО-ға жүгінуді жөн көреді. Біз үшін еңбастысы – қызмет алушылардың жайлылығымен қанағаттану деңгейі», – деп атап өттіМемлекеттік корпорацияның Басқарматөрағасы Арман Кенжеғалиев.
Айта кетейік, 2025 жылы ХҚКО операторларыарқылы 13 млн-нан астам мемлекеттік қызметкөрсетілген, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 15 млн-нан асқан. Фронт-офистер арқылы көрсетілгенмемлекеттік қызметтер көлемі бойынша Алматы, Астана және Шымкент қалалары көшбасшы болыпқала береді.
Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, елімізбойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасынақанағаттану деңгейі 95 пайыздан асады.



