Без рубрики
Адам құқығы – жаңа Конституцияның өзегі

Жаңа Конституция жобасындағы басты жаңалықтардың бірі – адам құқықтарына ерекше мән берілуі. «Миранда» қағидасының енгізілуі, жеке тұлғаның еркіндігі мен қауіпсіздігіне басымдық берілуі – құқықтық мемлекеттің нақты көрінісі. Бұл өзгерістер азамат пен мемлекет арасындағы сенімді күшейтеді. Заң үстемдігі қағидасы қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жүзеге асса, қоғамның әділетке деген сенімі де арта түсері сөзсіз.
Абрахманов Айдар Рахымжанұлы
Іле ауданының мәслихат депутаты



