Без рубрики
Жаңа Конституция – елдегі қоғамдық келісімді нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам.

Бұл құжат әлеуметтік әділеттілік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді күшейтіп, елдің тұрақты дамуына жол ашады.
Конституция жобасы қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтауға негізделген. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары басты назарда болып, әлеуметтік теңдік, білім беру саласының дамуы және мемлекеттік органдардың ашықтығы ерекше ескерілген. Мұның барлығы халықтың сенімін арттырып, еліміздің болашағына оң әсер етеді.
Мен бұл бастаманы толық қолдаймын және оның Қазақстанның дамуына зор үлес қосатынына сенемін.
Магай Юрий



