Без рубрики

Демократиялық реформалар: қоғамдық қатысудың жаңа тетіктері

Бекітілген желілік кестесіне сәйкес, «Іле ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ -не қарасты Іле аудандық кітапхана және мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен мемлекетіміздің саяси бағдарының маңызды бағыттарын талқылау мақсатында «Демократиялық реформалар: қоғамдық қатысудың жаңа тетіктері» атты кездесуі өтті.

Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар, азаматтық қоғамды дамыту және мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне халықты тартудың тиімді жолдары қарастырылды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
✅ Мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты нығайту;
✅ Қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру;
✅ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясындағы жаңа мүмкіндіктер.

Спикерлер өз сөздерінде демократиялық үрдістердің жергілікті деңгейде іске асырылу тетіктерін түсіндіріп, қатысушылармен ой бөлісті. Біздің мақсатымыз – әрбір азаматтың үні естілетін, белсенді әрі жауапты қоғам қалыптастыру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button