Без рубрики
Конституцияның қазақ еліне түсінікті, анық тілде жазылуы мен үшін өте маңызды

Конституциялық жобада мені ерекше қуантқан өзгерістердің бірі – Конституция мәтінінің қазақ тілінде баршаға түсінікті әрі қарапайым тілде жазылуы. Бұрын құқықтық құжаттармен жұмыс істегенде немесе мемлекеттік қызметке қатысты мәселелерде орыс тіліндегі нұсқаны таңдауға мәжбүр болатынбыз, себебі қазақша мәтіндер күрделі әрі түсініксіз көрінетін. Ал қазір көпшілік талқылауына ұсынылып отырған жаңа Конституцияның қазақ еліне түсінікті, анық тілде жазылуы мен үшін өте маңызды.
Абдрахманов А. Р.
Іле ауданының мәслихат депутаты



