Без рубрики

Конституциялық реформа тұрғысынан ғылым мен қоғамның рөлі

19 ақпан күні Іле ауданында «Конституциялық реформа тұрғысынан ғылым мен қоғамның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның басты мақсаты – Конституциялық реформалардың қоғам дамуына әсерін талқылау, ғылымның заң үстемдігін қалыптастырудағы маңызын айқындау және жастар арасында сараптамалық ойлау мәдениетін дамыту болды.

Кездесу барысында қатысушылар Конституциялық өзгерістердің мемлекет басқару жүйесіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамдық бақылау мен жауапкершілікті арттыруға ықпалын талқылады. Сонымен қатар ғылым мен сараптамалық қауымдастықтың реформаларды түсіндірудегі, қоғамға жеткізудегі және тиімді іске асырылуын қамтамасыз етудегі рөліне ерекше назар аударылды.

Жастар өз пікірлерін ортаға салып, заң үстемдігі, әділетті қоғам қалыптастыру және азаматтық белсенділік мәселелері төңірегінде ой бөлісті. Дөңгелек үстел ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар арасында мазмұнды пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Іле аудандық

Жастар ресурстық орталығы

Басқа жаңалықтар

Back to top button