Без рубрики

Конституция және сталкинг тақырыбында “Аяжан” медициналық колледжінің студенттеріне психолог, заңгер және әлеуметтік қызметкерлері бірлесіп түсіндірме жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, жеке өмірге қол сұқпаушылық қағидалары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар сталкинг ұғымы, оның психологиялық әсері, құқықтық жауапкершілігі және алдын алу жолдары талқыланды.
Мамандар студенттерге жеке шекараны қорғау, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары және құқықтық көмекке жүгіну тәртібі туралы нақты ақпарат берді. Кездесу интерактивті форматта өтіп, жастар өз сұрақтарына жауап алды.

Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, қауіпсіз орта қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button