Без рубрики
Конституциялық референдумды түсіндіруге арналған маңызды іс-шара өтті

Бүгін Ащыбұлақ ауылдық округі қарасты Жәпек батыр ауылы елді мекенінде Конституциялық референдумды түсіндіруге арналған маңызды іс-шара өтті.
Кездесу барысында тұрғындарға алдағы референдумның мән-маңызы, оның ел болашағына ықпалы және ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Ашық форматтағы диалог тұрғындардың саяси сауаттылығын арттырып, қоғамдық белсенділігін күшейтуге мүмкіндік берді.
Мұндай кездесулер халыққа маңызды саяси науқандар жөнінде кеңінен ақпарат беріп, әр азаматтың саналы таңдау жасауына жағдай жасайды.



