Ақпараттық-түсіндірме жұмысы
Отбасын қолдау орталығының заңгер және психолог мамандары, сондай-ақ Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, Экономика және құқық колледжі студенттеріне
«Жеке шекара және қауіпсіз қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында:
▫️ Жеке шекара ұғымы және оны қорғау жолдары
▫️ Қауіпсіз қарым-қатынас құру дағдылары
▫️ Отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
▫️ Құқықтық жауапкершілік пен көмек алу тетіктері түсіндірілді.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан кәсіби жауап алды.
Мақсат – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, психологиялық қауіпсіз орта қалыптастыру және салауатты қарым-қатынас мәдениетін нығайту.



