Без рубрики
«Первый Пивзавод ЖШС» еңбек ұжымымен Конституциялық референдумды түсіндіруге арналған кездесу өтт

Бүгін Ащыбұлақ ауылдық округі аумағында орналасқан «Первый Пивзавод ЖШС» еңбек ұжымымен Конституциялық референдумды түсіндіруге арналған кездесу өтті.
Кездесу барысында референдумның ел өміріндегі рөлі, оның саяси жүйені жаңғыртудағы маңызы және ұсынылып отырған өзгерістердің қоғам дамуына тигізер ықпалы кеңінен баяндалды. Қатысушыларға алдағы дауыс берудің әр азамат үшін жауапты қадам екені атап өтілді.
Ашық диалог алаңында ұжым мүшелері өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Барлық сауалдарға нақты әрі мазмұнды жауаптар беріліп, еркін пікір алмасуға мүмкіндік жасалды.
Мұндай мазмұнды кездесулер азаматтық белсенділікті арттырып, әрбір тұрғынның ел болашағына бейжай қарамай, саналы шешім қабылдауына негіз болады.



