Қазақстанның болашағына берік құқықтық негіз қалайды

Жаңартылған Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық құндылықтарды нығайтуға және әділетті қоғам құруға бағытталған маңызды қадам. Қабылданған өзгерістер азаматтардың рөлін күшейтуге, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ құқықтық мемлекет қағидаттарын дамытуға негізделген.
Бүгінде Конституция қоғамның ашықтыққа, биліктің жауапкершілігіне және баршаға тең мүмкіндіктерге деген сұранысын айқын көрсетеді. Заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыру және халықтың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуын кеңейту – елдің тұрақты дамуының басты шарттарының бірі.
Осылайша, жаңартылған Конституция мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтып, Қазақстанның болашағына берік құқықтық негіз қалайды.
Абдрахманов А. Р.
Іле ауданының мәслихат депутаты



