Без рубрики
Төле би ауылындағы спортшылармен кездесу
Бүгін Төле би ауылындағы №37 орта мектепте “Айдар” бокс клубының ұйымдастыруымен Бокстан жасөспірімдер мен кіші жасөспірімдер арасында ашық турнир басталды. Іле ауданы “Алатау жастары” жастар ұйымының төрағасы ретінде жас спортшыларға сәттілік тілеп, олардың алдағы жарыстарда биік белестерді бағындыруына тілектестігімді білдірдім. Сонымен қатар, еліміз үшін маңызды саяси науқан – алдағы референдумның маңыздылығын атап өтіп, әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамай, белсенділік танытуы қажет екенін жеткіздім.



