Без рубрики

Құқықтық жүйенің өзегі – Қазақстан Республикасының Конституциясы

Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығы – құқықтық жүйенің тұтастығы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабының 1-тармағына сәйкес, еліміздің қолданыстағы құқығы – Конституция нормаларынан, соған сәйкес қабылданған заңдардан, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан, өзге де нормативтік құқықтық актілерден және халықаралық шарт міндеттемелерінен тұрады. Бұл норма Қазақстандағы құқықтық жүйенің біртұтастығын және заң үстемдігін қамтамасыз ететін маңызды қағидалардың бірі болып табылады.

Құқықтық жүйенің өзегі – Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, ал барлық өзге нормативтік актілер оның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Конституциялық нормалар мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ қоғам өмірінің негізгі қағидаттарын айқындайды.

Сонымен қатар, Конституцияға сәйкес қабылданатын заңдар қоғамдық қатынастарды нақтылап, түрлі салалардағы құқықтық реттеуді жүзеге асырады. Құқықты біркелкі қолдануды қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты мен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қабылдайтын нормативтік қаулылардың маңызы зор. Бұл актілер заңнаманы түсіндіруде және құқық қолдану тәжірибесін қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары да қолданыстағы құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл еліміздің халықаралық міндеттемелерін орындауын және ұлттық заңнаманың халықаралық стандарттарға сәйкестігін білдіреді.

Осылайша, қолданыстағы құқық – өзара байланысқан және иерархиялық тұрғыдан құрылған біртұтас жүйе. Оның негізінде Конституция тұр, ал өзге құқықтық актілер сол негізге сүйене отырып әрекет етеді. Бұл – құқықтық мемлекеттіліктің, тұрақтылықтың және азаматтардың құқықтарын қорғаудың басты кепілі.

Алатау қаласының қоғамдық көшбасшысы Лида Бузаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button