Қазақстан Республикасының азаматтығы: біртұтастық пен теңдік принципі

Қазақстан Республикасының азаматтығы – заңмен реттелетін құқықтық мәртебе. Ол азаматқа мемлекет алдындағы құқықтар мен міндеттерді береді, сондай-ақ елдің ішкі және сыртқы саясатында тең құқықты қатысушы болуға мүмкіндік туғызады.
Азаматтық заңға сәйкес алынуы немесе тоқтатылуы мүмкін, бірақ оның басты принципі – біртұтастық пен теңдік. Яғни, азаматтықты алу немесе тоқтату жолдары қандай болса да, әрбір адам заң алдында тең болып есептеледі. Бұл принцип азаматтардың құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдағы әділдіктің сақталуына негіз болады.
Қазақстан Республикасының азаматтығы – елдің тұтастығын нығайтып, азаматтардың қоғамдағы рөлін айқындайтын маңызды құқықтық категория. Ол азаматтық борышты орындау мен құқықтарды қорғау арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді. Сондықтан азаматтықты сақтау, оған құрмет көрсету және заңға сай әрекет ету – әрбір қазақстандықтың ортақ міндеті болып табылады.
Алматы облысы қоғамдық келісім және даму бойынша Алатау қаласы бойынша жетекші сарапшы Қазақстан Респубилкасының мәдениет саласы үздігі Қоғам қайраткері Сембиев Ғабит Ибайдуллаұлы



