Без рубрики

РЕФЕРЕНДУМ: БҮТІН БІР АУЫЛ КЕЛДІ

Іле ауданына қарасты Н.Тілендиев ауылындағы №385 референдум учаскесінде тұрғындардың жоғары белсенділігі байқалуда. Ауыл халқы жаппай дауыс беруге келіп, өз таңдауларын жасап, маңызды саяси науқанға белсенді түрде қатысып жатыр.

 

Учаскеге ерте таңнан бастап келіп жатқан тұрғындардың қарасы қалың. Ауыл тұрғындарының айтуынша, әрбір дауыс – ел болашағы үшін маңызды.

«Әр азаматтың дауысы – мемлекетіміздің дамуына, Ата заңымыздың оң өзгерістеріне қосылған үлес. Сондықтан мұндай маңызды сәтте бейжай қалмай, өз таңдауымызды жасауға келдік», – дейді ауыл тұрғындары.

 

Көп жылдық тәжірибесі бар мамандардың айтуынша, Н.Тілендиев ауылындағы тұрғындардың мұндай белсенділігі облыс бойынша өте жақсы үрдіс ретінде бағалануда. Бұл – халықтың азаматтық жауапкершілігі мен ел болашағына деген бейжай қарамайтынын көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button