Алматы облысының жаңалықтарыРеферендумРеферендум2026
ІЛЕ АУДАНЫНДА Байкент ауылдық округінде «СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?» ВИКТОРИНАЛЫҚ ОЙЫНЫ ӨТТІ.
Референдум күні ауыл тұрғындары арасында «Сіз білесіз бе?» атты танымдық викториналық ойын ұйымдастырылды. Қатысушыларға ұлт тарихы мен дәстүрлі қазақ ойындарына қатысты сұрақтар қойылып, белсенділік танытқан азаматтарға шағын сыйлықтар табысталды.
Мәселен, ауыл тұрғыны «Асық алшысынан түскенде асыққа таласатын ұлттық ойын қалай аталады?» деген сұраққа «Қанталапай» деп жауап берді. Ал «Жастар жиналып, түнде ойналатын ұлттық ойын қалай аталады?» деген сұраққа «Ақсүйек» ойынын атап өтті.
Викторина барысында тұрғындар қазақтың ұлттық ойындары туралы білімдерін көрсетіп, шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.



