Өтеген батыр ауылында референдум қарқынды өтуде

Іле ауданына қарасты Өтеген батыр ауылындағы №1046 референдум учаскесінде дауыс беру процесі ұйымдасқан түрде өтуде. Таңертеңнен бастап тұрғындар учаскеге келіп, белгіленген тәртіпке сәйкес өз таңдауларын жасап жатыр.
Алғашқылардың қатарында ауылдың құрметті қариясы Калилаев Тыныштықбай ата отбасымен бірге келіп, дауыс берді. Сонымен қатар тағы үш отбасы учаскеге келіп, референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады. Учаскеге қоғам өкілдері мен мекеме басшылары да келіп, дауыс беруге қатысты. Атап айтқанда, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сейдалиев Мақсат Сейдалыұлы, сондай-ақ Іле аудандық кітапханасының басшысы Бұдұғұлова Қарлығаш Тұранқызы референдум учаскесіне келіп, белгіленген тәртіп бойынша дауыс берді.
Сонымен бірге «Іле ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры Рауанов Қапар Тоқтарбайұлы және спорт мектебінің бірқатар спортшылары да учаскеге келіп, референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады.
№1046 учаскеде дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес жүргізілуде. Комиссия мүшелері өз міндеттерін атқарып, тұрғындардың дауыс беруіне барлық қажетті жағдайлар жасалған. Учаскеге келген азаматтар тіркеуден өтіп, бюллетень алып, арнайы кабиналарда дауыс беруде.
Жалпы, Өтеген батыр ауылында тұрғындар белгіленген тәртіпке сәйкес дауыс беріп, референдум процесі қалыпты жағдайда өтуде.



