Аудан жаңалықтарыРеферендумРеферендум2026

Балалар сүйікті кейіпкерлері референдумда: №358 учаскедегі ерекше сәт

Іле ауданындағы №358 референдум учаскесінде тұрғындардың назарын аударған қызықты әрі ерекше жағдай орын алды. Дауыс беру күні учаскеге балаларға арналған мультфильм кейіпкерлері – Қоян ана мен Бөпе бейнесіндегі персонаждар келіп, өз таңдауларын жасап, референдумға қатысып қайтты.

Ерекше костюм киген кейіпкерлер учаскеге келген сәттен бастап тұрғындардың қызығушылығын тудырды. Әсіресе балалар мен жас ата-аналар мультфильм кейіпкерлерін көріп, қуанып, олармен бірге естелік суреттерге түсті. Бұл жағдай дауыс беру процесіне мерекелік көңіл-күй сыйлап, референдумның маңызын қоғамның барлық мүшесіне түсіндірудің ерекше тәсілі ретінде қабылданды.

Тұрғындардың пікірінше, мұндай креативті бастамалар азаматтық белсенділікті арттырып қана қоймай, қоғамдық шараларға ерекше әсер береді. Іле ауданындағы №358 референдум учаскесіндегі бұл көрініс көпшіліктің көңілінен шығып, дауыс беру күнін есте қаларлықтай сәттердің біріне айналдырды.

Еске сала кетейік, референдум күні еліміздің барлық өңірінде азаматтар өз таңдауларын жасап, маңызды қоғамдық шешім қабылдау процесіне қатысуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button