«AMANAT» партиясының Іле аудандық филиалының төрағасы референдумда дауыс берді

Алматы облысы Іле ауданында республикалық референдум аясында қоғамдық-саяси өмірдің белсенді өкілдері де өз таңдауларын жасап жатыр, деп хабарлайды
15 наурыз күні Іле ауданындағы №1007 референдум учаскесінде Алмасбек Сатибаев — AMANAT партиясының Іле аудандық филиалының төрағасы әрі Іле аудандық мәслихат депутаты өз дауысын берді.
Саяси және қоғамдық белсенді азамат ретінде Алмасбек Қожабекұлы маңызды саяси науқанға қатысу арқылы әрбір азаматтың ел болашағына қатысты шешім қабылдаудағы жауапкершілігін көрсету маңызды екенін атап өтті.
Дауыс беру рәсімі кезінде ол учаскеге келген тұрғындармен пікір алмасып, олардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ азаматтық белсенділік пен қоғамдық-саяси шараларға қатысудың маңыздылығына тоқталды.
«Референдум – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігінің көрінісі. Әр дауыс мемлекетіміздің дамуына қосылған үлес. Сондықтан мұндай маңызды шараларға белсенді қатысу – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз», – деді Алмасбек Сатибаев.
Оның айтуынша, тұрғындардың белсенділігі елдегі азаматтық мәдениеттің қалыптасуына оң әсер етеді.



